"Көмірсутектер саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 77 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 322 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 3 қазанда № 19439 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Көмірсутектер саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 77 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9998 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көмірсутектер саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2019 жылғы 2 қазандағы
№ 322 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы 28 қазандағы
№ 77 бұйрығымен
бекітілген

Көмірсутектер саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі

р/с №

Біліктілік талаптары

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

Көмірсутектер саласында тау-кен (көмірсутектерін) өндірістерін, мұнай-химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану жөніндегі қызметтер мыналардың болуын қамтиды:

1

заңды тұлғалар үшін – өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолымен не пайдаланылатын қондырғыларды және (немесе) жабдықтарды көрсете отырып, жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің қолымен мәлімделген лицензияланатын қызметтің кіші түрлерін (жұмыстарды) орындау технологиясы мен тәртібін сипаттайтын технологиялық регламент

өтініш берілген қызметтің кіші түріне бекітілген технологиялық регламенттің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*

көмірсутектер кен орындарына арналған жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді; жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін жасау; магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану жөніндегі қызмет үшін талап етілмейді

2

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі:
1) кіші қызмет түрлері үшін өндірістік базаның болуы:
мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндіру;
көмірсутектер кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу (кәсіпшілік зерттеулер; сейсмикалық барлау жұмыстары; геофизикалық жұмыстар); мұнай; газ; газ конденсаты; қысыммен айдау ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары;
құрлықтағы; теңіздегі; ішкі су айдындарындағы көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды бұрғылау; кен орындарында ұңғымаларды жерасты жөндеу (ағымдағы; күрделі);
көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды цементтеу; сынау; игеру; сынамалау; көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды консервациялау; жою;
мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту;
құрлықтағы; теңіздегі көмірсутектер кен орындарында төгілуді болғызбау және жою жөніндегі жұмыстар;
мұнай-химия өндірістерін пайдалануға;
2) жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді; көмірсутек кен орындары үшін жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін жасауға байланысты қызметтің кіші түрі үшін – ғимарат немесе тұрғын емес үй-жайдың (кеңсенің) болуы

1) өндірістік базаның /ғимараттың/тұрғын емес үй-жайдың (кеңсенің) техникалық паспортының (жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамалары) түгендеу нөмірін);
2) шарттың нөмірі мен күні – /жалға алу/сенімгерлік басқару жағдайында /жалға алу/сенімгерлік басқару дың мерзімін көрсете отырып қамтитын мәліметтер нысаны*

мыналар бойынша қызмет үшін талап етілмейді: жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді; көмірсутек кен орындары үшін жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін жасау; магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану
меншік құқығында немесе өзге заңды негізде өндірістік база болған жағдайда (бір жылдан астам мерзімге жалдау/сенімгерлік басқару) ақпарат "Жылжымайтын мүлік тіркелімі "Мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйесінен алынады.

3

Мәлімделген кіші қызмет түрлері үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде:



1) мұнай, газ, мұнай – газ конденсатын өндіру үшін – негізгі инженерлік құрылыстар мен қондырғылардың (резервуарлар, сепараторлар, құбырлар) болуы

негізгі инженерлік құрылыстар мен қондырғылардың атауын (резервуарлар, сепараторлар, құбырлар)**;
орналасқан жері*** қамтитын мәліметтер нысаны*


2) көмірсутегі кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу (кәсіпшілік зерттеулер; сейсмикалық барлау жұмыстары; геофизикалық жұмыстар) үшін:
кәсіпшілік зерттеулер үшін – ұңғымалық аспаптар мен жабдықтар (тереңдік сынамаларды іріктеу, қабаттық қысым мен температураны өлшеу) және түсіру-көтеру операцияларына арналған қондырғылардың (шығырлар);
геофизикалық жұмыстар үшін –ұңғымалық аспаптардың ұңғымалық аспаптары (тереңдік сынамаларды іріктеу, қабаттық қысым мен температураны өлшеу, акустикалық, электрлік және радиоактивті каротаж аспаптары) және ұңғымадағы түсіру-көтеру операцияларына арналған қондырғылардың (шығырлар);
сейсмикалық барлау жұмыстары үшін – сейсмикалық станцияның және сейсмикалық барлау жабдықтарының болуы

кәсіпшілік зерттеулер үшін:
ұңғымалық аспаптарды дайындаушы зауыттың атауын, маркасын, шығарылған жылын, сериялық нөмірін (тереңдік сынамаларды іріктеу, қабаттық қысым мен температураны өлшеу) және ұңғымадағы түсіру-көтеру операцияларына арналған қондырғыны (шығырлар)**;
орналасқан жері***
геофизикалық жұмыстар үшін:
ұңғымалық аспаптарды дайындаушы зауыттың атауын, маркасын, шығарылған жылы, сериялық нөмірі (тереңдік сынамаларды іріктеу, қабаттық қысым мен температураны өлшеу, акустикалық, электрлік және радиоактивті каротаж аспаптары) және ұңғымадағы түсіру-көтеру операцияларына арналған қондырғыны (шығырлар)**;
орналасқан жері***;
сейсмикалық барлау жұмыстары үшін:
сейсмикалық станция мен сейсмикалық барлау жабдығының атауын, маркасын, шығарылған жылын, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірін;
орналасқан жері*** қамтитын мәліметтер нысаны*

сериялық дайындаушы зауыт болмаған жағдайда вин-кодтың нөмірі немесе өзге де сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі

3) мұнай; газ; газ конденсаты; қысыммен айдау ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстарын жүргізу үшін:
рұқсаттың не жарылғыш заттарды және олардың негізінде жасалған бұйымдарды үнемі қолдануға рұқсаты бар ұйыммен жасалған шарттың;
жарылғыш заттарды сақтауға арналған қоймасы бар мамандандырылған ұйыммен қойма не шарттың;
перфорациялық жабдықтардың болуы

рұқсаттың атауын, нөмірін және берілген күнін не жарылғыш заттарды және олардың негізінде жасалған бұйымдарды үнемі қолдануға рұқсаты бар ұйыммен жасалған шарттың атауын, нөмірін және берілген күнін;
жарылғыш заттарды сақтауға арналған қойманың не жарылғыш заттарды сақтауға арналған қоймасы бар мамандандырылған ұйыммен шарттың болуы туралы ақпаратты;
перфорациялық жабдықтың атауын, маркасын, шығарылған жылын қамтитын мәліметтер нысаны*


4) құрлықта; теңізде; ішкі су айдындарында ұңғымаларды бұрғылау үшін-бұрғылау қондырғысының, бұрғылау сорғысының, шығарындыға қарсы жабдықтың, бұрғылау ерітіндісін дайындау, циркуляциялау және тазалау торабының болуы

бұрғылау қондырғысын, бұрғылау сорғысын, шығарындыға қарсы жабдықты дайындаушы зауыттың атауын, маркасын, шығарылған жылын, сериялық нөмірін;
бұрғылау ерітіндісін дайындау, циркуляциялау және тазалау торабының болуы туралы ақпаратты;
орналасқан жері*** қамтитын мәліметтер нысаны*


5) кен орындарында ұңғымаларды жер астында жөндеу (ағымдағы; күрделі) үшін – ұңғымаларды жөндеу жөніндегі көтергіш қондырғыны, шығарындыға қарсы жабдықтарды, сорғы агрегатын және дайындау торабын, жұмыс сұйықтығын циркуляциялау және тазалау торабының болуы

ұңғымаларды жөндеу бойынша көтергіш қондырғының, шығарындыға қарсы жабдықтың, сорғы агрегатының атауын, маркасын, шығарылған жылын, өндіруші зауыттың сериялық нөмірін;
жұмыс сұйықтығын дайындау, циркуляциялау және тазалау торабының болуы туралы ақпаратты;
орналасқан жері*** қамтитын мәліметтер нысаны*

сериялық дайындаушы зауыт болмаған жағдайда вин-кодтың нөмірі немесе өзге де сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі

6) көмірсутектер кен орындарындағы ұңғымаларды цементтеу; сынау; игеру, сынамалаудан өткізу үшін:
көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды цементтеу үшін – мамандандырылған цементтеу агрегаттары, цемент тасығыштар, жұмыс сұйықтығын дайындау, циркуляциялау және тазалау торабының;
көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды сынау; игеру, сынамалаудан өткізу үшін –ұңғымаларды сынау, игеру, сынамалау бойынша көтергіш қондырғыны,
шығарындыға қарсы жабдықтарды, сорғы агрегатын, жұмыс сұйықтығын дайындау, циркуляциялау және тазалау торабының болуы

көмірсутек кен орындарындағы ұңғымаларды цементтеу үшін:
цементтеу агрегаттарының, цемент тасығыштардың атауын, маркасын, шығарылған жылын, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірін**;
жұмыс сұйықтығын дайындау, циркуляциялау және тазалау торабының болуы туралы ақпаратты;
орналасқан жері*** қамтитын мәліметтер нысаны*;
көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды сынау; игеру, сынамалау үшін:
ұңғымаларды жөндеу бойынша көтергіш қондырғының, шығарындыға қарсы жабдықтың, сорғы агрегатының атауы, маркасы, шығарылған жылы, өндіруші зауыттың сериялық нөмірін;
жұмыс сұйықтығын дайындау, циркуляциялау және тазалау торабының болуы туралы ақпаратты;
орналасқан жері*** қамтитын мәліметтер нысаны*

сериялық дайындаушы зауыт болмаған жағдайда вин-кодтың нөмірі немесе өзге де сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі

7) көмірсутектер кен орындарындағы ұңғымаларды консервациялау; жою үшін-ұңғымаларды консервациялау және жою бойынша көтергіш қондырғыны, шығарындыға қарсы жабдықты, сорғы агрегатын жұмыс сұйықтығын дайындау, циркуляциялау және тазалау торабының болуы

ұңғымаларды консервациялау және жою жөніндегі көтергіш қондырғының, шығарындыға қарсы жабдықтың, сорғы агрегатының атауы, маркасын, шығарылған жылын, өндіруші зауыттың сериялық нөмірін;
жұмыс сұйықтығын дайындау, циркуляциялау және тазалау торабының болуы туралы ақпарат;
орналасқан жері*** қамтитын мәліметтер нысаны*


8) мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту үшін – сорғы агрегаттары, жұмыс сұйықтығын дайындау, циркуляциялау және тазалау торабының болуы

сорғы агрегаттарының атауын, маркасын, шығарылған жылын, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірін**;
жұмыс сұйықтығын дайындау, циркуляциялау және тазалау торабының болуы туралы ақпаратты;
орналасқан жері*** қамтитын мәліметтер нысаны*

сериялық дайындаушы зауыт болмаған жағдайда вин-кодтың нөмірі немесе өзге де сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі

9) құрлықтағы көмірсутектер кен орындарында; теңізде төгілудің алдын алу және жою жөніндегі жұмыстар үшін – құрлықта мұнай жинауға арналған мамандандырылған техника және (немесе) жабдықтар; теңізде мұнай жинау құрылғысы, жүзетін резервуарлар мен бондық бөгеттердің болуы

құрлықта мұнай жинауға арналған мамандандырылған техниканың және (немесе) жабдықтардың атауын, маркасын, санын; теңізде мұнай жинау құрылғысын, жүзуші резервуарлар мен бондық бөгеттерді**;
орналасқан жері*** қамтитын мәліметтер нысаны*


10) мұнай-химия өндірістерін пайдалану үшін:
негізгі технологиялық қондырғылар мен жабдықтардың;
мұнай-химия өндірісі үшін қажетті қоймалардың;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген зертхананың немесе өнімнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестігін бақылау бойынша аккредиттелген зертханамен қызмет көрсету шартының болуы

негізгі технологиялық қондырғылардың және жабдықтың атауын, маркасын, шығарылған жылын, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірін;
мұнай-химия өндірісі үшін қажетті қоймалардың болуы туралы ақпаратты;
зертханаға берілген аккредиттеу аттестатының нөмірін және күнін немесе өнімнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестігін бақылау бойынша аккредиттелген зертханамен қызмет көрсету шартының нөмірін және берілген күнін қамтитын мәліметтер нысаны*


11) көмірсутектер кен орындарына арналған жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді; жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін жасау үшін:
көмірсутектер саласында жобалауға арналған лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді (кен шоғырларының құрылымын, стратиграфиясын және қасиеттерін сипаттауды, көмірсутектерді өндіру көлемін әзірлеу және болжау жүйесін жобалау үшін мұнай және газ қабаттарын (кен шоғырларын) гидродинамикалық үлгілеуді, ұңғымаларды бұрғылауды жобалауды (ұңғымаларды өткізу, қысым градиенттерін және гидродинамикалық сипаттамаларды есептеу, бұрғылау және шегендеу бағаналарын есептеу, кен шоғырларын цементтеу процесін есептеу) көздейтін мұнай және газ кен орындарын геологиялық моделдеудің бойынша) болуы;
жобалау үшін пайдаланылатын арнайы техника және (немесе) жабдықтар (компьютерлер, принтер, плоттер (суреттерді, схемаларды, күрделі сызбаларды, карталарды және көлемі A0 немесе калькаға дейінгі қағаздағы басқа да графикалық ақпаратты үлкен дәлдікпен автоматты түрде сызуға арналған құрылғы), кәсіпшілік зерттеулерге арналған ұңғыма аспаптары (тереңдік сынамаларды іріктеу, қабаттық қысым мен температураны өлшеу) және ұңғымадағы түсіру-көтеру операцияларын (шығыр) орнату (тереңдік сынамаларды іріктеу, қабаттық қысым мен температураны өлшеу) және жобалау үшін пайдаланылатын ұңғымада түсіру-көтеру операцияларын (шығырлар) орнатуының болуы

лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етудің атауын; лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланудың заңды құқығын растайтын құжаттардың нөмірі мен күнін;
кәсіпшілік зерттеулерге арналған қолданылатын компьютерлердің, принтерлердің, плоттерлердің, ұңғымалық аспаптардың атауларын, маркалары мен санын (тереңдік сынамаларды алу, қабаттық қысым мен температураны өлшеу) және ұңғымада түсіру-көтеру операцияларын орнатуды (шығырлар);
орналасқан жері*** қамтитын мәліметтер нысаны*


4

Магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде:
1) магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын;
2) қызметтің кіші түрінің мәлімделген жұмыстарын орындау үшін қажетті техникалық талаптарға байланысты пайдаланылатын магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануды қамтамасыз ететін аспаптар мен жабдықтардың болуы;
3) магистральдық құбыржолдарды – диагностикалық аспаптарды техникалық диагностикалау үшін;
4) магистральдық құбырларға техникалық қызмет көрсету үшін-бақылау-өлшеу аспаптары, аспаптар, жабдықтар;
5) қазіргі заманғы жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып, жұмыс істеп тұрған өндірістік объектілерді қайта жаңарту, жаңғырту жөніндегі бекітілген бағдарламалар; жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларының (бағдарламалары) болуы

1) магистральдық газ құбырларының, мұнай құбырларының, мұнай өнімдері құбырларының желілік бөлігінің ұзақтығын көрсете отырып, магистральдық газ құбырларының, мұнай құбырларының, мұнай өнімдері құбырларының болуын растайтын құжаттардың атауын, нөмірін және күнін;
2) қызметтің кіші түрінің мәлімделген жұмыстарын орындау үшін қажетті техникалық талаптарға байланысты пайдаланылатын магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануды қамтамасыз ететін аспаптар мен жабдықтардың атауын;
3) магистральдық құбырларды техникалық диагностикалау үшін-диагностикалық аспаптардың атауын;
4) магистральдық құбырларға техникалық қызмет көрсету үшін-бақылау-өлшеу аспаптарының, құралдардың, жабдықтардың атауын;
5) бағдарламалар мен жоспарлардың атауы мен бекітілген күнін қамтитын мәліметтер нысаны*

тек "магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану" қызметінің кіші түрінене ғана қолданылады

5

Қамтамасыз ететін жауапты тұлғалар:
1) қондырғыларды, машиналарды, механизмдерді, аспаптарды, жабдықтарды пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету;
2) еңбек қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік
3) қоршаған ортаны қорғау;
4) метрологиялық бақылау;
5) технологиялық процесті және берілген сападағы өнімдерді шығаруды сақтау ("мұнай-химия өндірістерін пайдалану" қызметінің кіші түріне ғана қолданылады);
6) магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдаланудың технологиялық процесін сақтау ("магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану" қызметінің кіші түріне ғана қолданылады)

жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*

жобалау құжаттарын;
технологиялық регламенттерді;
көмірсутек кен орындары үшін жобалардың техникалық- экономикалық негіздемесін жасау жөніндегі қызмет үшін талап етілмейді

6

Біліктілік құрамының:
1) жұмыс берушінің бұйрығымен тағайындалған техникалық басшы – көмірсутектер саласында жоғары техникалық білімі және көрсетілген салада практикалық жұмыс тәжірибесі бар – кемінде 3 жыл;
2) көмірсутектер саласында жоғары техникалық білімі және көмірсутектер саласында практикалық жұмыс тәжірибесі бар 3 маман – кемінде 2 жыл

ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*:
1) мәлімделген кіші қызмет түрлерін ұйымдастыруды жүзеге асыратын техникалық басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
2) мәлімделген қызметтің кіші түрлерін орындайтын 3 маманның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

техникалық басшыға және мамандар үшін көмірсутектер саласындағы практикалық жұмыс тәжірибесі Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттарға сәйкес 2015 жылғы 23 қарашадан бастап анықталады

      * Мәліметтер нысаны көмірсутектер саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін осы біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымшада көрсетілген;

      ** кемінде екі құрылыстың, қондырғылардың, машиналардың, механизмдердің, аспаптардың, агрегаттар мен жабдықтардың болуы;

      *** қондырғыларды, техниканы, аспаптар мен жабдықтарды орналастыру мекенжайын профилактикалық бақылау жүргізу үшін көрсетіледі.

  Көмірсутектер саласындағы
қызметті жүзеге асыру үшін
қойылатын біліктілік талаптары
мен оларға сәйкестікті
растайтын құжаттар тізбесіне
қосымша

Көмірсутектер саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны*

      1. Технологиялық регламенттің болуы туралы (көмірсутектер кен орындарына арналған жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді; жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін жасау; магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану жөніндегі қызмет үшін қолданылмайды):

      _________________________________________________________________.

      (мәлімделген қызметтің кіші түріне сәйкес технологиялық регламенттің болуы)

      2. Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі:

      1) кіші қызмет түрлері үшін – өндірістік базаның болуы:

      мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндіру;

      көмірсутектер кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу (кәсіпшілік зерттеулер; сейсмикалық барлау жұмыстары; геофизикалық жұмыстар);

      мұнай; газ; газ конденсаты; қысыммен айдау ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары;

      құрлықтағы; теңіздегі; ішкі су айдындарындағы көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды бұрғылау;

      кен орындарында ұңғымаларды жерасты жөндеу (ағымдағы; күрделі);

      көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды цементтеу; сынау; игеру; сынамалау;

      көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды консервациялау; жою;

      мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту;

      құрлықтағы; теңіздегі көмірсутектер кен орындарында төгілуді болғызбау және жою жөніндегі жұмыстар;

      мұнай-химия өндірістерін пайдалануға

      _________________________________________________________________;

      (өндірістік базаның техникалық паспортының (жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамалары) түгендеу нөмірі; жалдау/сенімгерлік басқару жағдайында – жалдау/сенімгерлік басқару мерзімдерін көрсете отырып, шарттың нөмірі мен күні)

      2-2) жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді; жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін жасауға байланысты қызметтің кіші түрі үшін – ғимараттың, тұрғын емес үй-жайдың (кеңсенің) болуы

      _________________________________________________________________.

      (ғимараттың/тұрғын емес үй – жайдың (кеңсенің) техникалық паспортының (жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамалары) түгендеу нөмірі; жалдау/сенімгерлік басқару мерзімдерін көрсете отырып, жалдау/сенімгерлік басқару жағдайында-шарттың нөмірі мен күні)

      * егер меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі (жалдау/ сенімгерлікпен басқару шартының мерзімі бір жылдан көп болса) өндірістік база/ғимарат/тұрғын емес үй-жай (кеңсенің) болған жағдайда, ақпарат "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйесінен алады

      3. Мәлімделген кіші қызмет түрлері үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде:

      1) мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндіру үшін:

      _________________________________________________________________;

      (негізгі инженерлік құрылыстар мен қондырғылардың атауы (резервуарлар, сепараторлар, құбырлар)**; орналасқан жері***)

      ** кемінде екі инженерлік құрылыстар мен қондырғылардың болуы

      *** инженерлік құрылыстар мен қондырғылардың орналасқан жері профилактикалық бақылау жүргізу үшін көрсетіледі

      2) көмірсутектер кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу (кәсіпшілік зерттеулер; сейсмикалық барлау жұмыстары; геофизикалық жұмыстар) үшін:

      кәсіпшілік зерттеулер үшін:

      _________________________________________________________________;

      (ұңғымалық аспаптарды дайындаушы зауыттың атауын, маркасын, шығарылған жылын, сериялық нөмірін* (тереңдік сынамаларды іріктеу, қабаттық қысым мен температураны өлшеу) және ұңғымадағы түсіру-көтеру операцияларына арналған қондырғыны (шығырлар)**; орналасқан жері***)

      геофизикалық жұмыстар үшін:

      _________________________________________________________________;

      (ұңғымалық аспаптарды дайындаушы зауыттың атауын, маркасын, шығарылған жылы, сериялық нөмірі* (тереңдік сынамаларды іріктеу, қабаттық қысым мен температураны өлшеу, акустикалық, электрлік және радиоактивті каротаж аспаптары) және ұңғымадағы түсіру-көтеру операцияларына арналған қондырғыны (шығырлар)**; орналасқан жері***)

      сейсмикалық барлау жұмыстары үшін:

      _________________________________________________________________;

      (сейсмикалық станция мен сейсмикалық барлау жабдығының атауын, маркасын, шығарылған жылын, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірін*; орналасқан жері***)

      * егер сериялық дайындаушы зауыт болмаған жағдайда вин-кодтың нөмірі немесе өзге де сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі

      ** кемінде екі ұңғыма аспаптарының болуы

      *** ұңғыма аспаптардың орналасқан жері профилактикалық бақылау жүргізу үшін көрсетіледі

      3) мұнай; газ; газ конденсаты; қысыммен айдау ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстарын жүргізу үшін:

      рұқсаттың не жарылғыш заттарды және олардың негізінде жасалған бұйымдарды үнемі қолдануға рұқсаты бар ұйыммен жасалған шарттың болуы туралы

      _________________________________________________________________;

      (жарылғыш материалдарды және олардың негізінде жасалған бұйымдарды үнемі қолдануға рұқсаттың атауы, нөмірі және берілген күні)

      _________________________________________________________________;

      (жарылғыш материалдарды және олардың негізінде жасалған бұйымдарды үнемі қолдануға рұқсаты бар ұйыммен жасалған шарттың атауы, нөмірі және берілген күні)*

      *ұйымның жарылғыш заттармен жұмыс жасауға лицензиясы бар болған жағдайда жол толтырылмайды;

      жарылғыш заттарды сақтауға арналған қойманың немесе жарылғыш заттарды сақтауға арналған қоймасы бар мамандандырылған ұйыммен шарттың болуы

      _________________________________________________________________;

      (жарылғыш заттарды сақтауға арналған қойманың болуы туралы ақпарат)

      _________________________________________________________________;

      (жарылғыш заттарды сақтауға арналған қоймасы бар мамандандырылған ұйыммен шарттың болуы туралы ақпарат)

      * ұйымда қойма бар болған жағдайда жол толтырылмайды

      перфорациялық жабдықтың болуы

      _________________________________________________________________;

      (перфорациялық жабдықтың атауы, маркасы, шығарылған жылы)

      4) құрлықтағы; теңіздегі; ішкі су айдындарындағы көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды бұрғылау үшін:

      бұрғылау қондырғысының, бұрғылау сорғысының, шығарындыға қарсы жабдықтың болуы

      _________________________________________________________________;

      (бұрғылау қондырғысын, бұрғылау сорғысын, шығарындыға қарсы жабдықты дайындаушы зауыттың атауы, маркасы, шығарылған жылы, сериялық нөмірі; орналасқан жері***)

      бұрғылау ерітіндісін дайындау, циркуляциялау және тазалау торабының болуы

      _________________________________________________________________;

      (бұрғылау ерітіндісін дайындау, айналымы және тазалау торабының болуы туралы ақпарат; орналасқан жері***)

      *** бұрғылау қондырғысының орналасқан жері профилактикалық бақылау жүргізу үшін көрсетіледі

      5) кен орындарында ұңғымаларды жерасты жөндеу (ағымдағы; күрделі) үшін:

      ұңғымаларды жөндеу бойынша көтергіш қондырғының, шығарындыға қарсы жабдықтың, сорғы агрегатының болуы

      _________________________________________________________________;

      (ұңғымаларды жөндеу бойынша көтергіш қондырғыны, шығарындыға қарсы жабдықты, сорғы агрегатын өндіруші зауыттың атауы, маркасы, шығарылған жылы, сериялық нөмірі*; орналасқан жері***)

      жұмыс сұйықтығын дайындау, циркуляциялау және тазалау торабының болуы

      _________________________________________________________________;

      (жұмыс сұйықтығын дайындау, айналымы және тазалау торабының болуы туралы ақпарат; орналасқан жері***)

      * сериялық дайындаушы зауыт болмаған жағдайда вин-кодтың нөмірі немесе өзге де сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі

      *** ұңғымаларды жөндеу бойынша көтергіш қондырғының, шығарындыға қарсы жабдықтың, сорғы агрегатының орналасқан жері профилактикалық бақылау жүргізу үшін көрсетіледі

      6) көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды цементтеу; сынау; игеру, сынамалаудан өткізу үшін:

      көмірсутек кен орындарындағы ұңғымаларды цементтеу үшін:

      цемент тасығыштардың мамандандырылған цементтеу агрегаттарының болуы туралы

      _________________________________________________________________;

      (цементтеу агрегаттарының, цемент тасығыштардың атауы**, маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі*; орналасқан жері***)

      _________________________________________________________________;

      (жұмыс сұйықтығын дайындау, циркуляциялау және тазалау торабының болуы туралы ақпарат; орналасқан жері***)

      көмірсутегі кен орындарында ұңғымаларды сынау; игеру, сынамалау үшін:

      сынау бойынша көтергіш қондырғысының; бұрғыларды игеру, сынамалау, шығарындыға қарсы жабдықтың, сорғы агрегатының болуы туралы

      _________________________________________________________________;

      (ұңғымаларды жөндеу бойынша көтергіш қондырғының, шығарындыға қарсы жабдықтың, сорғы агрегатының атауы, маркасы, шығарылған жылы, өндіруші зауыттың сериялық нөмірі*; орналасқан жері***)

      жұмыс сұйықтығын дайындау және циркуляциялау, тазалау торабының болуы

      _________________________________________________________________;

      (жұмыс сұйықтығын дайындау, циркуляциялау және тазалау торабының болуы туралы ақпарат; орналасқан жері***)

      * сериялық дайындаушы зауыт болмаған жағдайда вин-кодтың нөмірі немесе өзге де сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі

      ** кемінде екі цементтеу агрегатының, цемент тасығыштың болуы

      *** цементтеу агрегаттарының, цемент тасығыштардың, ұңғымаларды жөндеу бойынша көтергіш қондырғының, шығарындыға қарсы жабдықтың, сорғы агрегатының орналасқан жері профилактикалық бақылау жүргізу үшін көрсетіледі

      7) көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды консервациялау; жою үшін:

      ұңғымаларды консервациялау және жою жөніндегі көтергіш қондырғының, шығарындыға қарсы жабдықтың, сорғы агрегатының болуы туралы

      _________________________________________________________________;

      (ұңғымаларды консервациялау және жою жөніндегі көтергіш қондырғының, шығарындыға қарсы жабдықтың, сорғы агрегатының атауы, маркасы, шығарылған жылы, өндіруші зауыттың сериялық нөмірі*; орналасқан жері***)

      жұмыс сұйықтығын дайындау, циркуляциялау және тазалау торабының болуы

      _________________________________________________________________;

      (жұмыс сұйықтығын дайындау, циркуляциялау және тазалау торабының болуы туралы ақпарат; орналасқан жері***)

      * сериялық дайындаушы зауыт болмаған жағдайда вин-кодтың нөмірі немесе өзге де сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі

      *** ұңғымаларды консервациялау және жою жөніндегі көтергіш қондырғының, шығарындыға қарсы жабдықтың, сорғы агрегатының орналасқан жері профилактикалық бақылау жүргізу үшін көрсетіледі

      8) мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту үшін:

      сорғы агрегаттарының болуы туралы

      _________________________________________________________________;

      (сорғы агрегаттарының** атауы, маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі*; орналасқан жері***)

      жұмыс сұйықтығын дайындау, циркуляциялау және тазалау торабының болуы туралы

      _________________________________________________________________;

      (жұмыс сұйықтығын дайындау, айналымы және тазалау торабының болуы туралы ақпарат; орналасқан жері***)

      * егер сериялық дайындаушы зауыт болмаған жағдайда вин-кодтың нөмірі немесе өзге де сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

      ** кемінде екі сорғы агрегаттың болуы

      *** сорғы агрегаттарының орналасқан жері профилактикалық бақылау жүргізу үшін көрсетіледі

      9) құрлықтағы көмірсутегі кен орындарында; теңізде төгілудің алдын алу және жою жөніндегі жұмыстар үшін:

      _________________________________________________________________;

      (құрлықта мұнай жинауға арналған мамандандырылған техниканың және (немесе) жабдықтың**; теңіздегі мұнай жинау құрылғысының, жүзуші резервуарлар мен бондық тосқауылдардың атауын, маркасын саның; орналасқан жері***)

      ** кемінде екі мамандандырылған техниканың және (немесе) жабдықтың болуы

      *** мамандандырылған техниканың және (немесе) жабдықтың орналасқан жері профилактикалық бақылау жүргізу үшін көрсетіледі

      10) мұнай-химия өндірістерін пайдалану үшін:

      негізгі технологиялық қондырғылардың және жабдықтардың болуы туралы

      _________________________________________________________________;

      (негізгі технологиялық қондырғылар мен жабдықтардың атауы, маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі)

      мұнай-химия өндірісі үшін қажетті қоймалардың болуы туралы

      _________________________________________________________________;

      (қоймалардың болуы туралы ақпарат)

      аккредиттелген зертхананың немесе аккредиттелген зертханамен қызмет көрсетуге шарттың болуы туралы

      _________________________________________________________________;

      (өнімнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестігін бақылау бойынша зертханаға берілген аккередиттеу аттестаттың нөмірі және күні)

      _________________________________________________________________.

      (өнімнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестігін бақылау бойынша зертханаға берілген аккредиттеу аттестатының нөмірі және күні)*

      * ұйымның жеке зертханасы бар болған жағдайда жол толтырылмайды

      11) көмірсутектер кен орындарына арналған жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді; жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін жасау үшін:

      лицензиялық бағдарламалардың қамтамасыз етудің болуы

      _________________________________________________________________.

      (лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етудің атауы; лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланудың заңды құқығын растайтын құжаттардың нөмірі мен күні)

      кәсіпшілік зерттеулерге арналған компьютерлердің, принтерлердің, плоттерлердің, ұңғыма аспаптарының (тереңдік сынамаларды іріктеу, қабаттық қысым мен температураны өлшеу) және ұңғымада түсіру-көтеру операцияларын (шығыр) орнатудың болуы

      _________________________________________________________________.

      (кәсіпшілік зерттеулерге арналған қолданылатын компьютерлердің, принтерлердің, плоттерлердің, ұңғымалық аспаптардың** атаулары, маркалары мен саны (тереңдік сынамаларды алу, қабаттық қысым мен температураны өлшеу) және ұңғымада түсіру-көтеру операцияларын орнату (шығырлар); орналасқан жері***)

      ** кемінде екі ұңғыма аспаптарының болуы

      *** техниканың және аспаптардың орналасқан жері профилактикалық бақылау жүргізу үшін көрсетіледі

      4. Магистральдық газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану үшін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негізде мыналардың болуы:

      1) магистральдық газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнімдері құбырлары

      _________________________________________________________________;

      (магистральдық газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнімдері құбырлары желілік бөлігінің ұзақтығын көрсете отырып, магистральдық газ құбырларының, мұнай құбырларының, мұнай өнімдері құбырларының болуын растайтын құжаттардың атауы, нөмірі және берілген күні)

      2) мәлімделген кіші қызмет түрлеріне қажетті техникалық талаптарға сәйкес қолданылатын магистральдық газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануды қамтамасыз ететін аспаптары және жабдықтары

      _________________________________________________________________;

      (аспаптардың және жабдықтардың атауы)

      3) магистральдық құбырларды техникалық диагностикалау үшін:

      _________________________________________________________________;

      (диагностикалық аспаптардың атауы)

      4) магистральдық құбырларға техникалық қызмет көрсету үшін:

      _________________________________________________________________;

      (бақылау-өлшеу аспаптарының, құралдардың, жабдықтардың атауы)

      5) заманауи жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып, қолданыстағы өндірістік объектілерді реконструкциялау, жаңғырту жөніндегі бекітілген бағдарламалар; жөндеу жұмыстарын орындау жоспарлары (бағдарламалары)

      _________________________________________________________________.

      (бағдарламалар мен жоспарлардың атауы және олардың бекітілген күні)

      5. Қамтамасыз ететін жауапты тұлғалар*:

      1) қондырғыларды, машиналарды, механизмдерді, аспаптарды, жабдықтарды пайдаланудың және оларға техникалық қызмет көрсетуді;

      2) еңбек қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік;

      3) қоршаған ортаны қорғау;

      4) метрологиялық бақылауды;

      5) технологиялық процесті және берілген сападағы өнімдерді шығаруды сақтау (тек "мұнай-химия өндірістерін пайдалану" қызметінің кіші түріне ғана қолданылады)");

      6) магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдаланудың технологиялық процесін сақтауды ("магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану" қызметтерінің кіші түрлеріне ғана қолданылады) қамтамасыз ететін қызметтер және (немесе) жауапты тұлғалар:

      _________________________________________________________________.

      (жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтардың болуы туралы ақпарат)

      * жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді; көмірсутек кен орындары үшін жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін жасау жөніндегі қызмет үшін талап етілмейді

      6. Біліктілік құрамының болуы туралы ақпарат:

      1) жұмыс берушінің бұйрығымен тағайындалған техникалық басшы үшін – көмірсутектер саласында жоғары техникалық білімі, көрсетілген салада кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі бар*

      _________________________________________________________________;

      (мәлімделген кіші қызмет түрлерін ұйымдастыруды жүзеге асыратын техникалық басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      2) көмірсутектер саласында жоғары техникалық немесе орта арнаулы білімі бар және көмірсутектер саласында практикалық жұмыс тәжірибесі бар 3 маман – кемінде 2 жыл*

      _________________________________________________________________.

      (мәлімделген қызметтің кіші түрлерін орындайтын 3 маманның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)).

      * 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттарға сай техникалық басшы мен мамандар үшін көмірсутектер саласындағы мамандық бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі анықталады

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады