"Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 22 қыркүйектегі № 786 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 17 қазандағы № 510 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 18 қазанда № 19486 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 11.07.2023 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 22 қыркүйектегі № 786 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14270 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 439 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидаларының 19-тармағына сәйкес, сондай-ақ "Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулықта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі осы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 439 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 19-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыруды, сондай-ақ оған мәліметтер енгізілуді нақтылайды.";

      3-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) мемлекеттік органдардың интранет-порталы (бұдан әрі – МОИП) – мемлекеттік органдардың ведомстволық және ведомствоаралық бизнес-процестерін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе.";

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) эталондық бақыланатын нормативтік құқықтық акт – қағаз жеткізгіштегі және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті ұйымның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанындағы (өзгерістермен және толықтырулармен) нормативтік құқықтық акт;";

      6, 7, 8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қағидалардың 8-тармағының бірінші бөлігінде, 9-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік органның мөрімен расталған және Заңның 35-бабында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қағаз және электрондық түрдегі, қазақ және орыс тілдеріндегі бір данада нормативтік құқықтық актілердің көшірмелері түрінде ЗҚАИ-ға келіп түседі.

      Қағидалардың 8-тармағының екінші бөлігінде, 10-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актілер Заңның 35-бабында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында ғана ЗҚАИ-ға келіп түседі.

      Қағидалардың 9-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актілер олардың Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізілген сәттен бастап автоматты түрде бір күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде әділет органдарынан МОИП арқылы ЗҚАИ-ға келіп түседі.

      Қағидалардың 9-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актілер Заңның 35-бабында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде деректемелер түрінде ЗҚАИ-ға келіп түседі.

      7. Қағидалардың 8, 9, 10-тармақтарында көрсетілген келіп түскен нормативтік құқықтық актілерді Эталондық бақылау банкіне енгізу олар ЗҚАИ-ға келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      8. Қағидалардың 8-тармағында, 9-тармағының екінші, үшінші бөліктерінде, 10-тармағында көзделген электрондық түрдегі нормативтік құқықтық актілерді ЗҚАИ-ға жіберу электрондық құжат айналымының жүйесі арқылы жүргізіледі.

      Қағидалардың 9-тармағының бірінші бөлігінде көзделген электрондық түрдегі нормативтік құқықтық актілерді ЗҚАИ-ға жіберу МОИП арқылы жүргізіледі.

      Қағидалардың 8-тармағында, 9-тармағының екінші, үшінші бөліктерінде, 10-тармағында көзделген бірлескен нормативтік құқықтық актілерді ЗҚАИ-ға нормативтік құқықтық актіні әзірлеуге жауапты болып белгіленген уәкілетті орган жолдайды.

      Бірлескен нормативтік құқықтық актілерге электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қоюды нормативтік құқықтық актіні әзірлеуге жауапты болып белгіленген уәкілетті орган қамтамасыз етеді.

      Нормативтік құқықтық актілерге қол қою Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1187 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12864 болып тіркелген) Электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын тексеру қағидаларына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңба (тіркеу куәлігінің "Кілтті пайдалану" (KeyUsage) орнының мәнін тексеру кезінде "Цифрлық қолтаңба" және "Бастартпаушылық" мәндері қамтылады) үшін пайдаланылатын куәландырушы орталықтың тіркеу куәлігімен жүзеге асырылуға тиіс.

      9. Мемлекеттік органдар жіберетін нормативтік құқықтық актілерге электрондық құжат айналымының жүйесінде, сондай-ақ МОИП-та нормативтік құқықтық актілердің деректемелерін және нормативтік құқықтық акт туралы анықтамалық-ақпараттық деректерді қамтитын карточка (бұдан әрі – карточка) толтырылады.

      Нормативтік құқықтық актілердің DOCX форматындағы мәтіндеріне тақырыпты қоспағанда, нормативтік құқықтық актілердің деректемелері және нормативтік құқықтық актілер туралы анықтамалық-ақпараттық деректер енгізілмейді.

      Нормативтік құқықтық акт карточкаларының мәліметтерін құрастыру жөніндегі талаптар осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында келтірілген.

      10. Қағидалардың 8, 9, 10-тармақтарында көрсетілген нормативтік құқықтық актіні жинақтауды, тіркеуді және нормативтік құқықтық актілердің нысаны бойынша хронологиялық тәртіппен орналастыруды қамтитын есепке алынуға және жүйеленуге жатады.

      Нормативтік құқықтық актілерді қағаз түрінде осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша нормативтік құқықтық актілерді есепке алу журналында ЗҚАИ тіркейді. Нормативтік құқықтық акт туралы жазбаға нормативтік құқықтық актінің электрондық көшірмесінің болуы туралы белгі соғылады.

      Нормативтік құқықтық актілерді есепке алу және жүйелеу толық көлемде және уақтылы жүргізіледі.";

      көрсетілген нұсқаулыққа 1-қосымшада:

      1-тармақтың жиырмасыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-деректемеде – файлдарды бекіту; DOCX форматындағы файлдарды салу (толтырылуы міндетті);";

      2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) нормативтік құқықтық актілер (негізгі, туынды (лар) және оған қосымша (лар) Microsoft Word форматында (кеңейтілімі DOCX) ұсынылады;".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр М. Бекетаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады