"Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 859 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 21 қарашада № 19626 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығына (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11704 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      3-тармақтын 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті;";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдарында рұқсат беру жүйесін қолдану тәртібі";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Алмасу квотасы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) интернет-ресурсында орналастырылады.";

      21-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Отандық тасымалдаушы шетелдік рұқсаттарды алуға өтінімді берген кезде маршрутта пайдалануға жататын жылжымалы құрамның түрі (класы) және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері туралы мәліметті жібереді.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Отандық тасымалдаушы күнтізбелік бір жыл қолдану мерзімімен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды алуға өтінімдерді берген кезде мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) шетелдік тасымалдаушымен бірлескен қызмет туралы шарттың көшірмесі;

      2) көрсетілген көлік құралдары жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың басқа маршруттарында іске тартылмауы туралы мәлімделген автобустар мен шағын автобустардың тіркелген жергілікті атқарушы органдарының жазбаша растауы.";

      26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Отандық тасымалдаушылар жүктерді және жолаушыларды мен багажды тұрақты емес тасымалдау үшін шетелдік рұқсаттарды алуға арналған өтінімдерді Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы береді.

      Отандық тасымалдаушылар күнтізбелік бір жыл қолдану мерзімімен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды алуға арналған өтінімдерді Мемлекеттік корпорация, аумақтық органдар немесе портал арқылы береді.

      Өтінімдерді қарау, сондай-ақ берілетін шетелдік рұқсаттамалар санын есептеу шетелдік рұқсаттамалар бланкілерін таратудың автоматты үйлестіру жүйесін пайдалана отырып жүзеге асырылады.

      27. Отандық тасымалдаушыларға шетелдік рұқсаттарды беру аумақтық органға "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) белгіленген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым сомасын төлегені туралы төлем құжаты түскен күнінен бастап бір жұмыс күні мерзімінде жүзеге асырылады.";

      28-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Отандық тасымалдаушының шетелдік рұқсат бланкілерін басқа отандық тасымалдаушыға беруіне жол берілмейді.";

      33-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) отандық тасымалдаушыға хабарлама жіберілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым сомасын төленгені болмаған.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Отандық тасымалдаушыға шетелдік рұқсат берілген кезде бланкінің тиісті бағандарына тасымалдаушының атауы, заңды мекенжайы жазылады және мөр (мөртабан) басылып, рұқсат берген адамның қолы қойылады.

      Күнтізбелік бір жыл қолдану мерзімімен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсат берілген кезде, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттерден басқа, Қазақстан Республикасымен шектесетін елдерге шетелдік рұқсат берілген кезде бланктің тиісті бағандарына тасымалдаушының атауы, заңды мекенжайы, автокөлік құралының маркасы мен мемлекеттік нөмірі, жүру маршруты жазылады және мөртаңба басылып, рұқсат берген адамның қолы қойылады.

      Шетелдік рұқсаттарда түзетулерге жол берілмейді.";

      35-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің бірінің аумағында тіркелген тасымалдаушы орындайтын халықаралық автомобиль жүк тасымалдары рұқсатсыз негізде жүзеге асырылады:

      1) аумағында тасымалдаушы тіркелген Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекет пен басқа мүше мемлекет арасында;

      2) Еуразиялық экономикалық одағына мүше басқа мемлекеттердің аумағы арқылы транзитпен;

      3) Еуразиялық экономикалық одағына мүше басқа мемлекеттер арасында.

      Шетел мемлекетінің тасымалдаушылары Қазақстан Республикасында немесе Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жүктерді тасымалдауды Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шетел тасымалдаушысы тіркелген елдің құзыретті органдары берген рұқсаттар негізінде жүзеге асырады.";

      39-1-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;

      41-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      43, 44 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Өз мемлекетінің тіркеу және айырым белгісінсіз Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүретін шетелдік автокөлік құралының жүріп өтуі, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше ескерілмесе, Салық кодексімен белгіленген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасы төленгеннен кейін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде немесе мемлекеттік кіріс органдары Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде беретін транзиттік жол жүруге арналған рұқсат негізінде жүзеге асырылады.

      Жүкті немесе жолаушыларды үшінші елдердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдердің аумағына тасымалдауларға көрсетілген автокөлік құралдарымен тасымалдауды жүзеге асыруға жол берілмейді.

      Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға арналған, оның ішінде жүгі бар автокөлік құралдарын айдап өту кезінде ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсаттарды қоспағанда, рұқсат беру құжаттары талап етілмейді.

      44. Мемлекеттерімен рұқсат беру құжаттарының бланкілерін тепе-тең айырбастау жүргізілмеген шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүруі, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше ескерілмесе, Салық кодексімен белгіленген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым сомасы төленгеннен кейін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде немесе мемлекеттік кіріс органдары Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде, соның ішінде халықаралық теңіз өткізу пункттерінде беретін транзиттік жол жүруге арналған рұқсат негізінде жүзеге асырылады.

      45. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өту құқығын растайтын отандық рұқсат беру құжаттарында Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде мемлекеттік кірістің аумақтық органдары немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде аумақтық органдар:

      1) Қазақстан Республикасының аумағынан автокөлік құралының күнтізбелік 30 күннен аспайтын шығу мерзімін;

      2) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өту маршрутын көрсетеді.

      Шетелдік автокөлік құралдарының транзиттік жүріп өтуі кезінде Қазақстан Республикасының аумағына келу және аумағынан кету мерзімдері тура да, кері де бағытта жүріп өту кезіндегі Қазақстан Республикасының аумағында нақты болу уақытымен айқындалады.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Шетелдік тасымалдаушылар көліктік бақылау органдарына Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасында берілген көлік құралының бақыланатын параметрлерінің сәйкессіздігі, құжаттардың жоқ болуы немесе сәйкессіздігі туралы хабарламалар береді.

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті көліктік бақылау органы берген хабарлама орандалмаған кезде халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыруға және хабарламада көрсетілген маршруттан ауытқуға жол берілмейді.";

      48-1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға қажетті ілеспе құжаттары (халықаралық көлік жүкқұжаты (СМR), шот-фактура (инвойс), коносамент, Халықаралық жол тасымалдау кітапшасы және тағы басқа құжаттар) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес болуы және уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының талабы бойынша жүргізушілермен ұсынылуы тиіс.";

      54-тармақ алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады