"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің 324 бабының 2 тармағының 4)-тармақшасына және 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктерге, консулдық мекемелерге, халықаралық ұйымдар жанындағы мемлекеттер өкілдіктеріне, халықаралық ұйымдарға немесеолардың өкілдіктеріне, сондай-ақ дипломатиялық өкілдіктердің дипломатиялық персоналының мүшелеріне, консулдық лауазымды тұлғаларға және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, халықаралық ұйымдар жанындағы мемлекеттік өкілдіктер, халықаралық ұйымдар немесе олардың өкілдіктерінің персоналына (қызметкерлері, лауазымды тұлғалары) бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды өткізу үшін Қазақстан Республикасының астанасы аумағында және республикалық маңызы бар Алматы қаласының аумағында орналасқан бажсыз сауда дүкендері анықталсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Құқық департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Министр | М. Тілеуберді |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
2019 жылғы ________"__"