Индустриялық – инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын операторлардың өкілеттіктерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 854 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 22 қарашада № 19636 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 107 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 05.12.2023 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-бабы 2-тармағының 22-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын операторлардың өкілеттіктері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Атамкулов

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      2019 жылғы "__"__________

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      2019 жылғы "__"__________

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      2019 жылғы "__"__________

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Сыртқы істер министрлігі

      2019 жылғы "__"__________

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      2019 жылғы "__"__________

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      2019 жылғы "__"__________

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

      2019 жылғы "__"__________

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы 19 қарашадағы
№ 854 бұйрығымен
бекітілген

Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын операторлардың өкілеттіктері

      1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау саласындағы Оператор:

      1) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің жарғылық капиталдарына, сондай-ақ жаңа индустриялық-инновациялық жобаларды, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге бағытталған индустриялық-инновациялық жобаларды құру үшін өзге заңды тұлғаларды құру (білім беру) жолымен инвестицияларды жүзеге асырады;

      2) ұлттық даму институттарынан, Екінші деңгейдегі банктерден және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын және (немесе) оған қатысатын ұлттық басқарушы холдингтерге тікелей не жанама түрде тиесілі өзге де заңды тұлғалардан кредиттер (қарыздар) бойынша құқықтарды (талаптарды) сатып алады;

      3) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қаржылық-экономикалық сауықтыру жөніндегі, сондай-ақ экономиканың басым секторларының экономикалық белсенділігі мен инвестициялық тартымдылығын қолдау және қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлейді және іске асырады:

      - берешекті қайта құрылымдау;

      - жарғылық капиталдарға Инвестициялар;

      - стратегиялық және институционалдық инвесторларды іздеу және тарту;

      - индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қаржылық-экономикалық сауықтыруға ықпал ететін, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де қолдау түрлері.

      2. Индустрияны дамыту саласындағы Оператор:

      1) экономиканың басым секторларын дамытуды және өңірлерді индустриялық-инновациялық дамытуды қоса алғанда, экономика секторларын дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетеді;

      2) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға басым тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай картасын әзірлеу мен жаңарту бойынша қызметтер көрсетеді;

      3) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустрияландыру картасын қолдау бойынша қызметтер көрсетеді;

      4) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну бойынша қызметтер көрсетеді;

      5) аумақтық кластерлерді дамытуға мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну бойынша қызметтер көрсетеді;

      6) аумақтық кластерлерді дамыту процестерін қолдау бойынша қызметтер көрсетеді;

      7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы өнеркәсіптік даму саласындағы консультативтік-кеңесші органның қызметін талдамалық және сараптамалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетеді;

      8) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру бойынша мемлекеттік органдардан және заңды тұлғалардан алынған статистикалық ақпарат пен деректерге талдау жүргізуді, сондай-ақ ұсыныстар мен сараптамалық қорытындыларды тұжырымдауды көздейтін, индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды басқару бойынша қызметтер көрсетеді.

      3. Технологиялық даму саласындағы Оператор:

      1) технологиялық болжау процесіне қатысады;

      2) инновацияларды дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетеді;

      3) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің жарғылық капиталдарына қатысу, шетелдің қатысуымен заңды тұлғалар құру, инвестициялық және венчурлік қорлар құру немесе оларға қатысу жолымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдермен индустриялық-инновациялық жобаларға инвестицияларды жүзеге асырады;

      4) технологияларды коммерцияландыру орталықтарын, технопарктерді, конструкторлық бюроларды, технологиялар трансфертінің халықаралық орталықтарын құруға, басқаруға және үйлестіруге қатысады;

      5) экономиканың басым секторларын технологиялық дамытуды ынталандыру үшін ақпараттық ресурстарды, білім беру және қаржы ресурстарын тарту мақсатында халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды;

      6) іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобалар, ендірілген технологиялар, технологиялық болжау бойынша жүргізілген талдамалық зерттеу нәтижелері туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

      7) технологиялық бизнес-инкубациялау, технологияларды коммерцияландыру және технологиялар трансферті, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің кадрлық, басқарушылық және өндірістік әлеуетін күшейту бойынша мемлекеттік қолдау тетіктерін іске асыруға қатысады;

      8) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға сараптамалық қорытындыларды және (немесе) ұсынымдарды береді;

      9) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға инновациялық гранттар беру жөнінде қызметтер көрсетеді;

      10) технологиялық дамыту саласында ақпарат жинауды және индустриялық-инновациялық жүйенің тиімділігін талдауды жүзеге асырады;

      11) тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қорларды, венчурлік қорларды және венчурлік қаржыландыруды дамытуға жәрдемдеседі.

      4. Жергілікті қамтуды дамыту саласындағы Оператор:

      1) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастырады және жүргізеді;

      2) жергілікті қамтуды дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетеді;

      3) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға ішкі нарықта отандық тауар өндірушілерді, жұмыстарды орындаушылар мен қызмет көрсетушілерді мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу тиімділігін талдау бойынша қызметтер көрсетеді;

      4) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін ішкі нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша қызметтер көрсетеді;

      5) жергілікті қамту бойынша сараптаманы жүзеге асырады;

      6) субконтрактация орталығы болып табылады.

      Субконтрактация деп өндірістік қызметті оңтайландыру үшін өнеркәсіптік кәсіпорындар қолданатын өндірістік (өнеркәсіптік) аутсорсинг нысандарының бірі түсініледі;

      7) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға ішкі нарықтағы индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін сервистік қолдау бойынша, оның ішінде жергілікті қамтуды дамытуға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған ақпараттық жүйелерді қолдап отыру бойынша қызметтер көрсетеді.

      Жергілікті қамту бойынша сараптама деп индустрияландыру картасына енуге үміткер индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобасындағы жергілікті қамтуды бағалау түсініледі.

      Жергілікті қамту деп индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобасына тартылған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегіне ақы төлеу құнының осы жоба бойынша еңбекақы төлеудің жалпы қорынан және (немесе) тауарларда, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерде белгіленген жергілікті өндірілу үлестері құнының индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобасын іске асыру кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы құнынан пайыздық қамтылуы түсініледі.

      5. Инвестициялар тарту саласындағы Оператор:

      1) Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын жақсарту бойынша талдамалық зерттеулер жүргізеді;

      2) инвесторлардың қызметін сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, оның ішінде инвесторлардың мемлекеттік органдармен, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерімен, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен кездесулерін ұйымдастырады, инвестициялық тақырып бойынша бизнес-форумдар, конференциялар және семинарлар өткізеді, жұмыс істеп тұрған және перспективалы инвесторлардың дерекқорын қалыптастырады және жүргізеді, туындайтын мәселелерді шешуде инвесторларға жәрдем көрсетеді;

      3) Қазақстан Республикасының қолайлы инвестициялық имиджін ілгерілетеді, оның ішінде инвестициялық мүмкіндіктер туралы ақпарат береді;

      4) инвесторлармен келіссөздер қорытындысы бойынша қол жеткізілген ресми уағдаластықтардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді;

      5) инвесторлардың қатысуымен іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобаларға мониторинг жүргізеді;

      6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ өзге ұйымдар көрсететін басқа да қызметтерді алуда инвесторларды сүйемелдеу бөлігінде "бір терезе" қағидаты бойынша инвесторлармен өзара іс-қимыл жасайды.

      6. Экспортты дамыту және жылжыту саласындағы Оператор:

      1) сыртқы нарықтарға талдау жүргізеді;

      2) отандық өңделген тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша жәрдем көрсетеді;

      3) отандық экспорттаушыларға сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру, әлеуетті экспорттық нарықтарды іздестіру және олардың тауарларын, көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілету мәселелері бойынша ақпараттық және консультациялық қызметтер көрсетеді;

      4) отандық өңделген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің экспортын ілгерілету жөнінде іс-шаралар жүргізеді;

      5) отандық өңделген тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің экспортын ілгерілету мәселелері бойынша отандық, шетелдік және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

      6) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды ілгерілету жөніндегі шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша қызметтер көрсетеді;

      7) отандық өңделген тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің экспортын ілгерілету мақсатында шетелдік өкілдіктер құрады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады