БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10762 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа "Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормалары" деген 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі |
А. Смаилов |
Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормалары
Р/с № | Мемлекеттік органның атауы | Лауазымның атауы | Автомобильдер саны | Қозғалтқыш көлемі, текше см. (автобустардан басқа) | 1 автомобильдің бір айдағы жүруі (км) | |
қызметтік (1 бірлік) | кезекші | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Премьер-Министр | 1 | 3100 | |||
Мемлекеттік хатшы | 1 | 3100 | ||||
2 | Президент Әкімшілігі | Президент Әкімшілігінің Басшысы | 1 | 3100 | ||
Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары | 1 | 2500 | ||||
Президенттің көмекшісі– Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы | 1 | 3100 | ||||
Президенттің көмекшісі | 1 | 3100 | ||||
Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары | 1 | 2500 | ||||
Президент Кеңсесінің бастығы | 1 | 3100 | ||||
Президенттің Баспасөз хатшысы | 1 | 3100 | ||||
Президенттің Протокол бастығы | 1 | 3100 | ||||
Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы | 1 | 2500 | ||||
Нұр-Сұлтан қаласында көліктік қызмет көрсету | 16********* | 1********* | 2600 | |||
Алматы қаласында | 1********* | 6********* | 2600 | |||
Қонақтарға арналған | 25 | *** | ||||
3 | Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Кеңсесі | Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Басшысы | 1*********** | 3100 | ||
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісі | 1 | 3100 | ||||
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесі Басшысының орынбасары | 1************ | 2500 | ||||
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз хатшысы | 1 | 3100 | ||||
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Протокол бастығы | 1 | 3100 | ||||
Нұр-Сұлтан қаласында көліктік қызмет көрсету | 7 | 2 | 2600 | |||
Алматы қаласында | 1 | 1 | 2600 | |||
Қонақтарға арналған | 2 | 2600 | ||||
4 | Президенттің Іс басқармасы | Президенттің Іс басқарушысы | 1 | 3100 | ||
Президенттің Іс басқарушысының орынбасары | 1 | 2600 | ||||
Аппарат, ведомство басшысы | 1 | 2600 | ||||
5 | Парламент Аппараты | Парламент Палатасының аппарат басшысы | 1 | 2000 | ||
Парламенттің аппарат басшысының орынбасары | 1 | 2000 | ||||
6 | Премьер-Министрдің Кеңсесі | Премьер-Министрдің орынбасары | 1 | 3100 | ||
Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы | 1******** | 3100 | ||||
Премьер-Министрдің Кеңсесі Басшысының орынбасары | 1 | 2000 | ||||
Алматы қаласында көліктік қызмет көрсету | 12 | 1 | 2600 | |||
Қонақтарға арналған | 14 | *** | ||||
7 | Конституциялық Кеңес | Төраға | 1 | 3100 | ||
Конституциялық Кеңес мүшелері | 1 | 2000 | ||||
Конституциялық Кеңес аппаратының басшысы | 1 | 2000 | ||||
8 | Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі | Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы | 1 | 2600 | ||
Жоғары Сот Кеңесі апаратының басшысы | 1 | 2000 | ||||
9 | Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (оның ішінде Орталық сайлау комиссиясы, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл) | Төраға | 1 | 2600 ********** | ||
Төраға орынбасары | 1 | 2600 | ||||
Есеп комитетінің мүшелері | 1 | 2600 | ||||
Орталық сайлау комиссиясының хатшысы мен мүшелері | 5-ке 2 бірлік | 2600 | ||||
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл | 1 | 2600 | ||||
Есеп комитеті аппаратының басшысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аппаратының басшысы | 1 | 2000 | ||||
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы | 1 | 2600 | ||||
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басшысының орынбасары | 1 | 2600 | ||||
10 | Жоғарғы Сот | Жоғарғы Соттың Төрағасы | 1 | 2600 | ||
Жоғарғы Сот алқасының төрағасы | 1 | 2000 | ||||
Жоғарғы Соттың судьялары | 3-ге 1 бірлік | 2600 | ||||
Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы | 1 | 2000 | ||||
Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының орынбасары | 1 | 2000 | ||||
11 | Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) және оларға теңестірілген соттар | Сот төрағасы | 1 | 2600 | ||
Сот алқасының төрағасы | 1 | 2600 | ||||
12 | Аудандық және оларға теңестірілген соттар | Сот төрағасы | 1 | 2600 | ||
13 | Бас прокуратура | Бас прокурор, Бас әскери прокурор | 1 | 2600********** | ||
Бас прокурордың (Бас әскери прокурордың) орынбасары, Бас прокурордың аппаратының басшысы | 1 | 2600 | ||||
Бас прокуратура жанындағы Комитет төрағасы | 1 | 2000 | ||||
Бас прокуратура жанындағы Комитет төрағасының орынбасары | 1 | 2000 | ||||
14 | Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) және оларға теңестірілген прокуратуралар | Прокурор | 1 | 2600 | ||
Прокурордың орынбасары | 1 | 2600 | ||||
15 | Аудандық және оларға теңестірілген прокуратуралар | Прокурор | 1 | 2600 | ||
16 | Министрліктер | Министр | 1 | 2600********** | ||
Министрдің орынбасары | 1 | 2600 | ||||
Жауапты хатшы | 1 | 2600 | ||||
17 | Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдіктері | Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі | 1 | **** | ||
Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің бірінші орынбасары, орынбасары | 1 | **** | ||||
Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің аппарат басшысы | 1 | **** | ||||
Қонақтарға арналған | 2 | **** | ||||
18 | Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктері | Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі | 1 | **** | ||
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің орынбасары | 1 | **** | ||||
Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округ әкімі | 1 | **** | ||||
19 | Жергілікті өкілді органдар | Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мәслихат хатшысы | 1 | 2600 | ||
Аудандық (облыстық маңызы бар қала) мәслихат хатшысы | 1 | 2000 | ||||
20 | Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары | Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасы | 1 | ******* | ||
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының мүшелері | 2-не 1 бірлік | ******* | ||||
21 | Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын, сондай-ақ арнайы көлігі барларын қоспағанда, мемлекеттік органдардың орталық аппаратын көліктік қамтамасыз ету қызметкерлерінің саны | |||||
100-ге дейін | 1 ************* | 3000-нан көп емес | *** | |||
100-ден 200-ге дейін | 2****** | 3000-нан көп емес | *** | |||
200-ден 300-ге дейін | 3 | 3000-нан көп емес | *** | |||
300-ден 500-ге дейін | 4* | 3000-нан көп емес | *** | |||
500-ден 900-ге дейін | 5 | 3000-нан көп емес | *** | |||
900-ден 1300-ге дейін | 7 | 3000-нан көп емес | *** | |||
1300-ден | 9 | 3000-нан көп емес | *** | |||
22 | Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен Бас прокуратурасын, сондай-ақ арнайы көлігі барларын қоспағанда, қызметкерлерінің саны: | |||||
100-ге дейін | 1 | 3000-нан көп емес | *** | |||
100-ден 200-ге дейін орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне және олардың облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы** ведомстволарына көлік қызметін көрсету | 2 | 3000-нан көп емес | *** | |||
23 | Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен Бас прокуратурасын, сондай-ақ, арнайы көлігі барларын қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне және олардың аудандардағы (облыстық маңызы бар қалалардағы) ведомстволарына көлік қызметін көрсету | 1 | 3000-нан көп емес | *** | ||
24 | Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарға көлік қызметін көрсету ***** | |||||
Ақмола облысы | 306 | 3000-нан көп емес | ***** | |||
Ақтөбе облысы | 216 | 3000-нан көп емес | ***** | |||
Алматы облысы | 306 | 3000-нан көп емес | ***** | |||
Атырау облысы | 141 | 3000-нан көп емес | ***** | |||
Шығыс Қазақстан облысы | 306 | 3000-нан көп емес | ***** | |||
Жамбыл облысы | 186 | 3000-нан көп емес | ***** | |||
Батыс Қазақстан облысы | 216 | 3000-нан көп емес | ***** | |||
Қарағанды облысы | 291 | 3000-нан көп емес | ***** | |||
Қостанай облысы | 321 | 3000-нан көп емес | ***** | |||
Қызылорда облысы | 141 | 3000-нан көп емес | ***** | |||
Маңғыстау облысы | 126 | 3000-нан көп емес | ***** | |||
Павлодар облысы | 216 | 3000-нан көп емес | ***** | |||
Солтүстік Қазақстан облысы | 231 | 3000-нан көп емес | ***** | |||
Түркістан облысы | 224 | 3000-нан көп емес | ***** | |||
Нұр-Сұлтан қаласы | 35 | 3000-нан көп емес | ***** | |||
Алматы қаласы | 40 | 3000-нан көп емес | ***** | |||
Шымкент қаласы | 22 | 3000-нан көп емес | ***** | |||
25 | Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларына көліктік қызмет көрсету | 1 | 2600-ден көп емес | ******* | ||
26 | Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті өкілді органдарға көлік қызметін көрсету | 1 | 3000-нан көп емес | *** |
Ескертпе:
* Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі үшін сыртқы саяси органның ерекшелігін ескере отырып, саны 5 бірлікте, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі үшін 7 бірлікте қызметтік автомобильдердің заттай нормаларын белгіленсін;
** бұл заттай нормасы мемлекеттік органдардың облыстардағы филиалдарына, Байқоңыр қаласындағы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне де қолданылады;
*** мемлекеттік органдар көлік қызметін көрсететін автомобильдер үшін жүру лимиттерін дербес, бірақ бір айда көліктің 1 бірлігіне 2600 км-ден асырмай белгілейді;
**** жергілікті атқарушы органдар үшін жүру лимиттері облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен айқындалады;
***** жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдар бөлінісінде автокөлікті бөлу, сондай-ақ олар бойынша жүру лимитті айқындау облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен айқындалады;
****** Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы үшін саны 5 бірлік, хаттамалық іс-шараларды дайындауға байланысты қызмет ерекшелігін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының аппараттары үшін саны 7 бірлік кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормасы белгіленсін;
******* облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары үшін жүру лимиттері облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімі бойынша айқындалады;
******** осы заттай нормасы "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты" мемлекеттік мекемесінің, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесінің және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің директорына да қолданылады;
********* Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің "Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві" мемлекеттік мекемесі үшін – 2 бірлік;
********** Есеп комитетінің төрағасы, Бас прокурор, Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрлеріне көлік қызметін көрсететін автомобильдер үшін көліктің 1 бірлігіне айына 3100 км-ден аспайтын жүру лимиттері белгіленсін;
*********** осы заттай нормасы "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына да қолданылады;
************ осы заттай нормасы "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасарларына да қолданылады;
************* осы заттай "Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық", "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің аппараты" мемлекеттік мекемелеріне де қолданылады, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі үшін саны 2 бірлік, оның ішінде 1 бірлік Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі құрамына көліктік қызмет көрсету үшін және 1 бірлік Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің аппараты үшін кезекші автомобильмен қамтамасыз етудің заттай нормасы белгіленсін.
Осы заттай нормалары Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, арнайы мемлекеттік органдарға және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне қолданылмайды.
Осы заттай нормаларындағы қызметтік автомобильдерге арналған жүру лимиті мемлекеттік мекеменің басшысын, мемлекеттік мекеме басшысының орынбасарын, орталық атқарушы органның жауапты хатшысын жақын елді мекендерге қызметтік автокөлікпен іссапарға жіберген жағдайлардағы жүруді қамтымайды.