"Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 791 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-150 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 25 желтоқсанда № 19758 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.12.2020 № ДСМ-305/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 32-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 16-бабының 17) тармағына және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес және академиялық немесе ғылыми дәрежесі жоқ адамдарға лауазымға орналасуға қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 791 бұйрығына" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5945 тіркелген, 2010 жылғы № 7 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттарында:

      1-бөлім. Денсаулық сақтау ұйымдары:

      1-параграф. Басшылардың лауазымдары:

      Республикалық, облыстық, аудандық және қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы (бас директор, директор) деген 1-кіші бөлімде:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Біліктілікке қойылатын талаптар:

      республикалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымы басшысының (бас директор/директор):

      медицина саласындағы жоғары білімінің (санитариялық-эпидемиологиялық қызметті ұйымдастыру үшін – бейін бойынша);

      "Қоғамдық денсаулық сақтау"/ "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандықтары бойынша жоғары/бірінші біліктілік санатының болуы немесе экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің болуы немесе "Қоғамдық денсаулық сақтау"/ "Денсаулық сақтау менеджменті"/ "Менеджмент" немесе "Медицина" (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуды аяқтаған адамдар үшін)/ "Бизнес әкімшілендіру", "Іскерлік әкімшілендіру", "Экономика", "Қаржы және кредит" мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы немесе ғылыми дәрежесінің/ PhD докторы дәрежесінің болуы;

      Денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы;

      не

      экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында жоғары білімінің және "Қоғамдық денсаулық сақтау" немесе "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы;

      денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы;

      дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы республикалық маңызы бар ұйымдардың басшысы (бас директор/директор) үшін:

      медицина саласында жоғары білімінің;

      "Қоғамдық денсаулық сақтау"/ "Денсаулық сақтау менеджменті"/ "Фармация" мамандықтары бойынша жоғары/бірінші біліктілік санатының болуы немесе экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің немесе "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті", "Фармация" "Менеджмент" немесе "Медицина" (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін)/ "Бизнес әкімшілендіру", "Іскерлік әкімшілендіру", "Экономика", "Қаржы және кредит" мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы немесе ғылыми дәрежесінің/ PhD докторы дәрежесінің болуы;

      басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы;

      денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыруды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар ұйымының басшысы (бас директор/директор):

      медицина немесе ақпараттық жүйелер мен технологиялар/есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету саласындағы жоғары білімінің;

      экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің немесе "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті", "Менеджмент" немесе "Медицина" (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін)/ "Бизнес әкімшілендіру", "Іскерлік әкімшілендіру", "Экономика", "Қаржы және несие", "Ақпараттық жүйелер", "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету", "Инженерлік ақпараттық жүйелер және коммуникациялар" мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы немесе ғылыми дәрежесінің/ PhD докторы дәрежесінің болуы;

      басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы;

      не

      экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында жоғары білімінің және "Қоғамдық денсаулық сақтау" немесе "Денсаулық сақтау менеджменті", "Бизнес әкімшілендіру", "Іскерлік әкімшілендіру", "Экономика", "Қаржы және кредит", "Ақпараттық жүйелер", "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету", "Инженерлік ақпараттық жүйелер және коммуникациялар" мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы;

      басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы;

      облыстық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымдарының басшысы (директор/ бас дәрігер):

      медицина саласында жоғары білімінің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы үшін - бейін бойынша);

      "Қоғамдық денсаулық сақтау"/ "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандықтары бойынша жоғары/бірінші біліктілік санатының болуы немесе экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің немесе "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті", "Менеджмент" немесе "Медицина" (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін)/ "Бизнес әкімшілендіру", "Іскерлік әкімшілендіру", "Экономика", "Қаржы және кредит" мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы немесе ғылыми дәрежесінің/ PhD докторы дәрежесінің болуы;

      денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл еңбек өтілінің болуы;

      не

      экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында жоғары білімінің және "Қоғамдық денсаулық сақтау" немесе "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы;

      денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл еңбек өтілінің болуы;

      аудандық және қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы (директор/бас дәрігер) үшін:

      медицина саласында жоғары білімінің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары үшін - бейін бойынша);

      "Қоғамдық денсаулық сақтау"/ "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандықтары бойынша жоғары/бірінші біліктілік санатының болуы немесе экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің немесе "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті", "Менеджмент" немесе "Медицина" (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін)/ "Бизнес әкімшілендіру", "Іскерлік әкімшілендіру", "Экономика", "Қаржы және кредит" мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы немесе ғылыми дәрежесінің/ PhD докторы дәрежесінің болуы;

      денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл еңбек өтілінің болуы;

      не

      экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында жоғары білімінің және "Қоғамдық денсаулық сақтау" немесе "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы;

      денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл еңбек өтілінің болуы";

      Денсаулық сақтау ұйымы басшысының (бас директордың/директордың) (медицина бөлімі жөніндегі, медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және стратегиялық дамыту жөніндегі) орынбасары деген 2-кіші бөлімде:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Біліктілікке қойылатын талаптар:

      медицина саласындағы жоғары білім (санитариялық-эпидемиологиялық қызметті ұйымдастыру үшін – бейіні бойынша);

      "Қоғамдық денсаулық сақтау"/ "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандықтары бойынша жоғары/бірінші біліктілік санатының болуы немесе экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің немесе "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті", "Менеджмент" немесе "Медицина" (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін)/ "Бизнес әкімшілендіру", "Іскерлік әкімшілендіру", "Экономика", "Қаржы және кредит" мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің немесе ғылыми дәрежесінің/ PhD докторы дәрежесінің болуы;

      Республикалық, облыстық маңызы бар (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ұйымдарда денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде - 3 жыл, аудандық және қалалық маңызы бар ұйымдарда кемінде – 2 жыл;

      дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы денсаулық сақтау ұйымы басшысының орынбасары:

      жоғары фармацевтикалық білімінің;

      "Қоғамдық денсаулық сақтау"/ "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандықтары бойынша жоғары/бірінші біліктілік санатының болуы немесе экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің немесе "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті", "Менеджмент" немесе "Медицина" (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін)/ "Бизнес әкімшілендіру", "Іскерлік әкімшілендіру", "Экономика", "Қаржы және кредит" мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы немесе ғылыми дәрежесінің/ PhD докторы дәрежесінің болуы;

      денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл еңбек өтілі;

      денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыруды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы басшысының орынбасары:

      ақпараттық жүйелер мен технологиялар/есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету саласындағы жоғары білімінің;

      экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің немесе "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті", "Менеджмент" немесе "Медицина" (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін)/ "Ақпараттық жүйелер", "Бизнес ақпараттық жүйелер" "Бизнес әкімшілендіру", "Іскерлік әкімшілендіру", "Экономика", "Қаржы және несие" мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы немесе ғылыми дәрежесінің/ PhD докторы дәрежесінің болуы;

      денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл еңбек өтілі".

      6-кіші бөлімі: Бас мейіргер (басшының мейіргер ісі жөніндегі орынбасары)

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Біліктілікке қойылатын талаптар:

      "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білімнің болуы; денсаулық сақтау саласында кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы;

      немесе:

      "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша орта білімнен кейінгі (қолданбалы бакалавриат) білімі болуы; денсаулық сақтау саласында кемінде 1 жыл еңбек өтілінің болуы;

      немесе:

      "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша жоғары медициналық білімінің (академиялық бакалавриат) білімі болуы; денсаулық сақтау саласында кемінде 1 жыл еңбек өтілінің болуы;

      немесе:

      "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімі және еңбек өтілінің талаптарынсыз магистр дәрежесінің болуы білімі болуы; денсаулық сақтау саласында кемінде 1 жыл еңбек өтілінің болуы;

      он төртіші кіші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-кіші бөлім. Денсаулық сақтау маманы (медициналық қызмет сапасы бойынша, медициналық қызметтің стратегиясы мен маркетингі бойынша, медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен әдістемесі бойынша)".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет - ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі О. Ә. Әбішевке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрі Е. Биртанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады