Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға бірлесіп төлеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-154 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 31 желтоқсанда № 19814 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № ҚР ДСМ-61 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.07.2021 № ҚР ДСМ-61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 83-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға бірлесіп төлеуді жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және стандарттау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі К. Т. Надыровқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
Е. Биртанов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-154 бұйрығымен
бекітілген

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға бірлесіп төлеуді жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға бірлесіп төлеуді жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

      2. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында дәрілік заттар, медициналық бұйымдар құнындағы және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде (бұдан әрі – ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі - МӘМС) оларды өтеудің белгіленген шекті бағаларындағы айырманы төлеуді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар құнындағы бірлесіп төлеудің оларды өтеудің белгіленген шекті бағасының айырмашылығы арқылы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді есепке алу ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ДҚАЖ) – ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде рецепттер жазып беруді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің өнім берушісінің тауарды босатуды немесе есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметті есепке алуды автоматтандыруға арналған денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ақпараттық жүйе;

      2) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі - Қор) – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алуды және оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

      3) бірлесіп төлеу – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың құнының ТМККК және МӘМС жүйесінде оларды өтеудің белгіленген шекті бағасының айырмашылығын төлеу;

      4) белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15724 болып тіркелген) ТМККК шеңберінде, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі;

      5) дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауы (бұдан әрі - ХПА) – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған дәрілік заттың атауы;

      6) ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде өтеу – тиісті экономикалық тұрғыдан негізделген тарифті немесе шекті бағаны қалыптастыра отырып, бюджет қаражаты мен міндетті медициналық сақтандыру қоры активтерінің есебінен, ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдану құнын төлеу;

      7) ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде дәрілік заттар немесе медициналық бұйымдардың саудалық атауына шекті баға –және МӘМС жүйесінде одан жоғары сатып алу жүргізілмейтін дәрілік заттың немесе медициналық бұйымының саудалық атауына баға;

      8) ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде дәрілік заттың ХПА немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына шекті баға – ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде одан жоғары сатып алу жүргізілмейтін дәрілік заттың ХПА немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына арналған баға;

      9) ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде ХПА бойынша дәрілік заттарды, техникалық сипаттамасы және/немесе құрамы бойынша медициналық бұйымдарды өтеудің шекті бағасы - тұтыну қаптамасында өлшем бірлігінің санына шаққанда сатып алу кезінде өлшем бірлігі үшін ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде дәрілік заттың ХПА-ға Бірыңғай дистрибьютордың прайс-парағына сәйкес сатып алу бағасына қосу жолымен есептелген ДЗ айналысы саласындағы объектілерге Қор толық немесе ішінара өтейтін дәрілік заттың ХПА бойынша белгілі бір дозасы, шығару түрі бар дәрілік препараттың және/немесе техникалық сипаттамасы және/немесе белгілі бір құрамы бойынша медициналық бұйымның бір қаптамасының құны.

      10) электрондық рецепт – Рұқсаттар мен хабарламалар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізу бойынша фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға рұқсаты бар (лицензия) және дәрігердің электрондық цифрлық қолы қойылған дәрілік заттар айналысы саласындағы объектілердің (бұдан әрі – ДЗ айналысы саласындағы объектілер) одан әрі өткізуі үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды пациентке тағайындау туралы ақпараттан тұратын ДҚАЖ-да денсаулық паспорты (ЭДП) арқылы электрондық форматта медицина қызметкері қалыптастырған құжат;

2-тарау. Бірлесіп төлеуді жүзеге асыру тәртібі

      4. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымның құнындағы және оларды өтеудің белгіленген шекті бағаларының айырмашылығын бірлесіп төлеу Тізбеге сәйкес халықты амбулаториялық қамтамасыз ету кезінде бірлесіп төлеу арқылы анағұрлым қымбат тұратын дәрілік препаратты таңдау мүмкіндігімен ТМККК және МӘМС шеңберінде есепке алу және өткізу көрсетілетін қызметтерді және/немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын ДЗ айналысы саласындағы объектілерде жүзеге асырылады, пациент келіспеген жағдайда дәрілік препарат пен медициналық бұйымның саудалық атауын өтеудің шекті бағаларының шеңберінде тегін босату бойынша көзделгендерді оларды анағұрлым қымбат тұратын саудалық атауларға ауыстырып, өз таңдауы бойынша алады.

      5. Бірлесіп төлеуге Қазақстан Республикасында тіркелген және дәрілік заттардың ХПА бойынша тізбесіне кіретін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың, сондай-ақ берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша халықаралық ұйымдардан және отандық өндірушілерден сатып алатындардан басқа олардың құны шекті бағадан асатын медициналық бұйымдардың техникалық сипаттамасы және немесе құрамы бойынша барлық саудалық атаулары жатады.

      6. Бірлесіп төлеуге жататын ТМККК және/немесе МӘМС шеңберінде дәрілік заттарды немесе медициналық бұйымдарды алуға электрондық рецептті "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) тегін босату үшін рецептуралық бланкілерде амбулаториялық, профилактикалық, диагностикалық емдеу, оңалту немесе паллиативтік көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкелері ДҚАЖ-да жазып береді.

      7. Бірлесіп төлеумен дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды пациенттерге босату Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 373 бұйрығымен бекітілген Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидаларына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11465 болып тіркелген) сәйкес жазып берілген күннен бастап 3 ай ішінде басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде республиканың, (аудан, қала, облыс) әкімшілік-аумақтық бірлігінің шегінде жарамды рецепт бойынша жүзеге асырылады.

      8.Бірлесіп төлеумен дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды анағұрлым қымбат тұратын саудалық атауын таңдауға ниет білдірген пациенттерге ДЗ айналысы саласындағы объектілердің мамандары ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде тегін тиісті дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды алу мүмкіндігі туралы толық және дұрыс ақпарат береді.

      9. Пациент тарапынан құнын бірлесіп төлеумен анағұрлым қымбат тұратын дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды босату мүмкіндігі болған жағдайда ДЗ айналысы саласындағы объектілердің маманы пациентке ең төмен бағадағы дәрілік препараттан немесе медициналық бұйымнан бастап ассортиментте бар дәрілік түрін және дәрілік заттың дозасы немесе медициналық бұйымның жиынтығы ескерілген жазып берілген дәрілік заттың ХПА-ға немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына және/немесе құрамына сәйкес келетін дәрілік препараттардың немесе медициналық бұйымдардың саудалық атауларының ықтимал нұсқаларын ұсынады.

      10. Бірлесіп төлеумен дәрілік препараттың және медициналық бұйымның саудалық атауларын босатуды пациент таңдаған жағдайда осы дәрілік препараттардың немесе медициналық бұйымдардың саудалық атауларын алуға пациент тарапынан бірлесіп төлеуге жазбаша ерікті келісімі толтырылады.

      11. Анағұрлым қымбат тұратын дәрілік препаратты немесе медициналық бұйымды таңдаған кезде азаматтар дәрілік препараттардың немесе медициналық бұйымдардың саудалық атауларын амбулаториялық қамтамасыз ету кезінде немесе дәрілік заттың ХПА және медициналық бұйымның техникалық сипаттамасын және/немесе құрамын өтеудің шекті бағалардан тыс дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды саудалық атауларының айырмашылығын бірлесіп төлеуді жүзеге асырады. Бұл ретте рецепттің келесі бетіне ДЗ айналысы саласындағы объектінің маманы босатылған дәрілік зат пен медициналық бұйымның саудалық атауын көрсетеді, қолын қояды және босатылған күнін қояды.

      __________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады