"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақыларды және өзге де төлемақыларды төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 808 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 1112 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 қаңтарда № 19820 болып тіркелді

      1. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақыларды және өзге де төлемақыларды төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 808 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10043 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 28 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақыларды және өзге де төлемақыларды төлеу қағидаларында:

      3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Ақшалай ризықты төлеу Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінде белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады.";

      8-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне лауазымдық жалақылар, арнаулы атағы үшін қосымша ақылар "Мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы қаңтардағы № 646 қбпү қаулысымен бекітілетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесімен айқындалады.";

      10-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Қызметкерлерге лауазымдық жалақы ішкі істер органдарының штатында көрсетілген лауазымдар санаты бойынша ("Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерi, арнаулы мемлекеттік органдары, құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі мен прокуратура органдарының қызметкерлерi лауазымдарының санаттары бойынша тiзiлiмдерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы №1283 қбпү Жарлығына сәйкес) төленеді.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақы мөлшерлері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесімен белгіленеді.";

      71-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қаржымен қамтамасыз ету департаменті (Б.Ш. Исенова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады