"Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 762 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 122 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 қаңтарда № 19822 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 2 қарашадағы № 448 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 02.02.2021 № 448 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 762 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12753 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 қаңтарда"Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру үшін төлемақыны есептеу әдістемесінде:

      3, 4 және 6-тармақтар алып тасталсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Өндірілетін (импортталатын) өнімнің (тауарлардың) әрбір түрі үшін Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру үшін төлемақыны есептеу(Сөнім) мынадай формула бойынша жүргізіледі:



      мұнда:

      Сөнім – өндірушілердің (импорттаушылардың) төлеуіне жататын өндірілетін (импортталатын) өнімнің (тауарлардың) әрбір түрінің қалдықтарын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру үшін төлемақы;

      m – өндірілетін (импортталатын) өнім (тауарлар) массасы (тоннамен);

      CАЕК – бір айлық есептік көрсеткіштің сомасы;

      k – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес айқындалатын коэффициент.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Автокөлік құралдарына қатысты төлемақы Операторға осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес базалық мөлшерлемелер және коэффициенттер бойынша, бір мәрте әрбір автокөлік құралы үшін төленеді.";

      3-тарау алып тасталсын;

      көрсетілген Әдістемеге қосымшада:

      оң жақтағы жоғары бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қалдықтарды жинауды,
тасымалдауды, қайта өңдеуді,
залалсыздандыруды,
пайдалануды және (немесе)
кәдеге жаратуды ұйымдастыру
үшін төлемақыны есептеу
әдістемесіне 2-қосымша";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының он төртінші абзацын және осы бұйрыққа қосымшаның реттік нөмірлері 5-23-жолдарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а. Е. Нысанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және

      инфрақұрылымдық даму

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
2019 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 122 бұйрығына
қосымша
  Қалдықтарды жинауды,
тасымалдауды, қайта өңдеуді,
залалсыздандыруды,
пайдалануды және (немесе)
кәдеге жаратуды ұйымдастыру
үшін төлемақыны есептеу
әдістемесіне
1-қосымша

Өндірушілеріне (импорттаушыларына) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнім (тауарлар) үшін төлемақы коэффициенттері

Өнім (тауар) атауы

Тізбе бөлімі*

k коэффи
циенті

1.

шиналарментыстар

2-бөлімнен. Каучук, резеңке және олардан жасалған бұйымдар

14,15

2.

электр аккумуляторлар

3-бөлімнен. Электр аккумуляторлар және оларға арналған сепараторларды қоса алғанда

56,25

3.

мотор, майлау, ашық түсті, вазелин майлары және жетектерге, репродукторларға және гидравликалық мақсаттарға арналған майлар

4-бөлімнен. Битумды жыныстардан алынған мұнай және мұнай өнімдері (шикілерден басқасы) және басқа жерде аталмаған немесе қосылмаған, құрамында 70 және одан артық массалық пайыз мұнай немесе мұнай өнімдері бар, битумды жыныстардан алынған өнімдер, бұл ретте осы мұнай өнімдері құрамында биодизель және пайдаланылған мұнай өнімдері барларын қоспағанда, өнімдердің негізгі құрауыштары болып табылады

11,09

4.

тежегіш сұйықтықтар, гидравликалық, антифриздер және мұздануға қарсы сұйықтықтар

5-бөлімнен. Өзге де химиялық өнімдер

0

5.

Қағаз және картон орама, қағаздан және картоннан жасалған бұйымдар

6-бөлімнен. Полимер, шыны, қағаз, картон, металл орамалары, құрамдастырылған материалдардан жасалған орама

1,76

6.

Шыныдан жасалған орама

6-бөлімнен. Полимер, шыны, қағаз, картон, металл орамалары, құрамдастырылған материалдардан жасалған орама

1,14

7.

Полимер материалдардан жасалған орама

6-бөлімнен. Полимер, шыны, қағаз, картон, металл орамалары, құрамдастырылған материалдардан жасалған орама

1,40

8.

Металдан жасалған орама

6-бөлімнен. Полимер, шыны, қағаз, картон, металл орамалары, құрамдастырылған материалдардан жасалған орама

0,20

9.

Құрамдастырылған материалдардан жасалған орама

6-бөлімнен. Полимер, шыны, қағаз, картон, металл орамалары, құрамдастырылған материалдардан жасалған орама

0,91

10.

Пластмассадан жасалған бұйымдар

7-бөлімнен. Пластмассадан жасалған асхана және ас үй ыдыстары, асхана және ас үй жарақтары, үй тұрмысындағы басқа да заттар және гигиеналық немесе дәретханаға арналған заттар

1,40

11.

Баспа кітаптары, газеттер, полиграфия өнеркәсібінің басқа да бұйымдары

8-бөлімнен. Иллюстрацияланған немесе иллюстрацияланбаған, құрамында жарнама материалы бар немесе жоқ газеттер, журналдар мен өзге де мерзімді басылымдар

1,76

12.

Қағаз және картон

9-бөлімнен. Қолдан жасалған, жылтырлатылмаған, хат жазу, баспа немесе басқа да графикалық мақсаттарда пайдаланатын қағаз және картон

1,76

13.

Батареялар және батарейкалар

10-бөлімнен. Бастапқы элементтер және бастапқы батареялар

0

14.

Шамдар

11-бөлімнен. Электрлік қыздыру немесе газразрядтышамдар, герметикалық бағытталған жарықшамдарын қосқанда, сондай-ақ ультракүлгін немесе инфрақызылшамдар; құрамында сынап бар доғалықшамдар

0

15.

Термометрлер

12-бөлімнен. Құрамында сынап бар медициналық немесе ветеринариялық термометрлер

0

16.

Электр және электрондықжабдық

13-бөлімнен. Ірі габаритті электр және электрондық жабдық

0

17.

Электр және электрондықжабдық

14-бөлімнен. Орташа габаритті электр және электрондық жабдық

0

18.

Электр және электрондық жабдық

15-бөлімнен. Ұсақ габаритті электр және электрондық жабдық

0

19.

Қағаз және картон орама

16-бөлімнен. Орамасына өндірушілердің(импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын орамадағы (полимер, шыны, қағаз, картон металл және (немесе) құрамдастырылған материалдардан жасалған) өнім (тауарлар)

1,76

20.

Шыныдан жасалған орама

1,14

21.

Полимер материалдарынан жасалған орама

1,40

22.

Металдан жасалған орама

0,20

23.

Құрамдастырылған материалдардан жасалған орама

0,91

      *Ескертпе:Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес бекітілетін өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнім (тауарлар) тізбесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады