Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы", 2003 жылғы 19 желтоқсандағы "Жарнама туралы" заңдарына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Астана қаласында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың тәртібі мен шарттары туралы қағида туралы" Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 340/48-V шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 902 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 5 мамырдағы "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының сессия төрағасы |
А. Күрішбаев |
Нұр-Сұлтан қаласы маслихатының хатшысы |
Ж. Нұрпейісов |