"Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № А-2/27 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № A-9/405 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 5 қыркүйекте № 7358 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексіне сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1."Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № А-2/27 қаулысына (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 5805 болып тiркелген, 2017 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.";

      қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі";

      көрсетілген қаулының қосымшасында:

      2-тармағы мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

      "15) әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент.";

      мынадай мазмұндағы 7-тармағымен толықтырылсын:

      "7. Орман шаруашылығы мамандарының лауазымдары:

      1) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы және басшысының орынбасары;

      2) бас: аңшылықтанушы, орман қорғау және күзету инженері (табиғи кешендерді қорғау және күзету инженері), ормандарды қалпына келтіру инженері (ормандарды молықтыру және орман өсіру инженері);

      3) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының орман тұқымбағының басшысы, орманшылық басшысы (орман күтуші);

      4) орман өрт сөндіру станциясының басшысы;

      5) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі жоғары деңгейдегі барлық санаттағы мамандар және санаты жоқ мамандар: орман (учаске) шебері, орманшы (инспектор), аңшылықтанушы;

      6) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның біліктілігі орташа деңгейдегі барлық санаттағы мамандар және санаты жоқ мамандар: орман (учаске) шебері, орманшы (инспектор), аңшылықтанушы.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қ.М. Ыдырысовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі Е.Маржикпаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақмола облыстық
мәслихаты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады