Ақмола облысы Астрахан ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы

Қатені түзеу

Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 22 қарашадағы № А-11/568 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 22 қарашадағы № 6С-39-10 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 29 қарашада № 7528 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, "Ақмола облысы Астрахан ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы ұсыныстар енгізу туралы" бірлескен Астрахан ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 123 қаулысының және Астрахан аудандық мәслихатының 2019 жылғы 15 мамырдағы № 6С-52-6 шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Астрахан ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) Ақмола облысы Астрахан ауданының Бесбидайық ауылдық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;

      2) жалпы алаңы 70240 гектар Ақмола облысы Астрахан ауданы таратылған Бесбидайық ауылдық округінің аумағын және Ақмола облысы Астрахан ауданы таратылған Бесбидайық ауылдық округінің Степное ауылын оның құрамына қосумен Ақмола облысы Астрахан ауданы Есіл ауылдық округінің шекаралары өзгертілсін.

      2. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының
әкімі
Е.Маржықпаев
      Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының
төрағасы
Ғ.Бекмағамбетов
      Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
Ә.Баймағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады