2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № A-9/1751 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 1 қазанда № 7405 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген 2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. Көкшетау қаласы әкімдігінің "2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" 2019 жылғы 4 наурыздағы № А-3/400 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7098 болып тіркелген, 2019 жылғы 14 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Б. Әміреноваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2019 жылдың 1 маусымынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Әкім А.Смаилов

  Көкшетау қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 27 қыркүйектегі № А-9/1751
қаулысымен бекітілген

2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Елді мекеннің атауы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны

Балабақша

Толық күн болатын шағын орталық

Мемлекеттік

Жеке меншік

Мемлекеттік

Жеке меншік

Көкшетау қаласы

5903

1416

150

0

Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

Балабақша

Толық күн болатын шағын орталық

Мемлекеттік

Жеке меншік

Мемлекеттік

Жеке меншік

30165 теңге

30165 теңге

23005 теңге

0

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге)

Балабақша

Толық күн болатын шағын орталық

Мемлекеттік

Жеке меншік

Мемлекеттік

Жеке меншік

3 жасқа дейін – 9878 теңге
3 жастан 7 жасқа дейін – 12074 теңге

3 жасқа дейін – 9878 теңге
3 жастан 7 жасқа дейін – 12074 теңге

3 жасқа дейін – 9878 теңге
3 жастан 7 жасқа дейін – 12074 теңге

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады