Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 28 қарашадағы № С-38/7 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 29 қарашада № 7524 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № С-46/8 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 15.09.2020 № С-46/8 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.

      2. Көкшетау қалалық мәслихатының "Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2016 жылғы 09 тамыздағы № С-3/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5513 тіркелген, 2016 жылғы 13 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алтыншы шақырылған
Көкшетау қалалық
мәслихатының кезектен
тыс 38-ші сессиясының
төрағасы
С.Зиборов
      Алтыншы шақырылған
Көкшетау қалалық
мәслихатының хатшысы
Ж.Абишев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Көкшетау қаласының әкімдігі

 
  Көкшетау қалалық мәслихатының
2019 жылғы 28 қарашадағы
№ С-38/7 шешіміне қосымша

Көкшетау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі

      1. Бейбіт жиналыстар мен митингілер өткізу орындары белгіленсін:

      1) Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абылай хан даңғылы мен Т. Сүлейменов көшесінің қиылысындағы сквері;

      2) Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы бойынша Ауғанстанның Интернационалист-Жауынгерлеріне ескерткіші;

      3) Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, А. Пушкин көшесі бойынша "Бұрабай" спорт сарайының сол жағындағы алаңша.

      2. Бейбіт шерулер мен демонстрациялар өткізу маршруты белгіленсін:

      Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев данғылынан бастап Абай көшесі бойымен "Тәуелсіздік" алаңына дейін.

      3. Іс-шараның уәкілдері (ұйымдастырушылары) мен қатысушыларына алкогольдік және есірткілік масаң күйінде қатысуға жол берілмейді.

      4. Қоғамдық тәртіп пен пикет қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:

      1) әртүрлі жеке пикеттердің қатысушылары бір-біріне біршама 50 метрден кем емес қашықтықта орналасуы немесе тікелей көру шегінде болуы тиіс;

      2) бір күнде және уақытта бір объектте үштен аспайтын жеке пикеттерді өткізуге рұқсат беріледі.

      5. Пикет өткізу кезінде:

      1) пикет өткізілетін объектінің алдында тұруға, отыруға;

      2) көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;

      3) пикеттің тақырыбы бойынша қысқа ұрандар, слогандар айғайлап айтуға рұқсат етіледі.

      6. Іс-шараны бейбіт жиналыстың, митингтің, шерунің, пикеттің және демонстрацияның басқа нысанда жалғастыру үшін "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңымен белгіленген тәртіппен, Көкшетау қаласының жергілікті атқарушы органының шешімін алу қажет.

      7. Бейбіт жиналысты, митингті, шеруні, пикетті және демонстрацияны өткізуге Көкшетау қаласы әкімдігінің бас тартуын алған жағдайда немесе оны тыйым салу туралы шешім шығарылса, уәкілдер (ұйымдастырушылар) барлық дайындық шараларын тоқтатуға және бұл туралы ықтимал қатысушыларды тиісті хабардар ету бойынша тез арада шаралар қолданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады