2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № а-4/194 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 22 мамырда № 7203 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген 2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г.М.Әбіловаға жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2019 жылдың 01 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Степногорск қаласының
әкімі
Е.Баяхметов

  Степногорск қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 8 мамырдағы
№ a-4/194 қаулысымен
бекітілген

2019 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Ұйымның атауы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны

Айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге)

Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

1

Степногорск қаласы білім бөлімінің жанындағы "Нұршуақ" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

280

12000

27 931

2

"Степногорск қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі жанындағы инклюзивті білім беретін "Балауса" бөбекжай-балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

185

12000

27 931

3

"Степногорск қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі жанындағы инклюзивті білім беретін "Балауса" бөбекжай-балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының түзету тобы

35

12000

42 377

4

"Сказка" жеке балабақшасы ЖК "ИП Лагута Светлана Васильевна"

165

17000

27 931

5

"Асыл" жеке балабақшасы ЖК "ИП "Бексултан"

75

14000

27 931

6

"Жасмин" жеке балабақшасы ЖК "Кабикеева Г.С."

75

20000

27 931

7

"Алтын" жеке балабақшасы ЖК "инара"

75

14000

27 931

8

"Айлана" жеке шағын орталығы ЖК "ЖК Есжанова Фарида Буташевна"

30

20000

26 870

9

Степногорск қаласының білім бөлімінің "Ақсу кентінің № 2 орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Балдаурен" шағын орталығы

40

12000

26 870

10

Степногорск қаласының білім бөлімінің "Степногор ауылының орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қарлығаш" шағын орталығы

20

12000

29 518

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЖК – жеке кәсіпкер;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады