Қарабұлақ ауылында көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Степногорск қаласы Қарабұлақ ауылы әкімінің 2019 жылғы 1 наурыздағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 6 наурызда 7096 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 5 қазандағы қорытындысы негізінде, Қарабұлақ ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарабұлақ ауылында көшелер қайта аталсын:

      Ленин көшесі Сарыарқа көшесіне, Советская көшесі Ақан сері көшесіне, Октябрьская көшесі Бірлік көшесіне, Молодежная көшесі Жастар көшесіне, Целинная көшесі Жібек жолы көшесіне, Лесная көшесі Құлагер көшесіне, Степная көшесі Бейбітшілік көшесіне, Интернациональная көшесі Достық көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарабұлақ ауылының әкімі Қ.Әйтімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады