Ақкөл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 23 шілдедегі № А-7/202 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 30 шілдеде № 7300 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақкөл ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      "Ақкөл ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін есепке алатын аймаққа бөлу коэффициенттерiн бекіту туралы" 2018 жылғы 30 мамырдағы № А-5/150 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6664 тіркелді, 2018 жылғы 22 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланған);

      "Ақкөл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 мамырдағы № А-5/150 "Ақкөл ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін есепке алатын аймаққа бөлу коэффициенттерiн бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 27 ақпандағы № А-2/62 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7097 тіркелді, 2019 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланған).

      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Қайыржанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады