Бұланды аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 тамыздағы № 5С-40/3 "Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 6С-35/4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 5 ақпанда № 7062 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 ақпандағы № 6С-52/1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 11.02.2020 № 6С-52/1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 1131 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бұланды аудандық мәслихатының "Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 21 тамыздағы № 5С-40/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4978 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 қазанда "Бұланды таңы" және "Вести Бұланды жаршысы" аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда баяндалсын:

      ""Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 1131 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      2 тармақтың 8 тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "8) уәкілетті орган – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Бұланды ауданының бөлімі";

      8 тармақ тармақшамен толықтырылсын:

      "4) 15 ақпан – Ауғанстаннан әскерлердің шығарылған күні".

      9 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "9. Әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына беріледі:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға;

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа тұлғалардың санаттарына;

      Қарттар күніне орай өтініш берусіз, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушылар, ең төмен және төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер;

      барлық санаттағы мүгедектерге;

      денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған онкологиялық ауруымен ауыратындарға;

      туберкулез ауруымен ауыратындарға;

      табиғи апат немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға);

      табысы күн көріс деңгейіне жетпейтін аз қамтылған азаматтарға (отбасыларға); ауылды мекендерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың студенттеріне;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босаған және пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға;

      Ауғанстанда әскери шаралар жүргізіліп жатқан кезде оқу-жаттығу жиындарына шақырылғандардың, әскери міндеттілердің қайтыс болғанда жерлеуге;

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған негіздер;

      2) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгіленбейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың бар болуы;

      3) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан, азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру немесе әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы.";

      10 тармақтың 2 тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "2) қарт Күніне:

      Қарттар күніне орай өтініш берусіз, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушылар, ең төмен және төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер";

      11 тармақ тармақшамен толықтырылсын:

      "4) кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 30 жылдығына арналған мерейтой күні қарсаңында, басқа мемлекеттердің аумағында жауынгерлік іс-қимылдардың қатысушыларына, аудандық бюджеттен жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.";

      14 тармақ алынып тасталсын;

      17 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "17. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның немесе басқа да ұйымдардың ұсынымы бойынша Бұланды ауданының әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс 35–сессияның
төрайымы
Қ.Тәшімова
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ш.Құсайынов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бұланды ауданының
әкімі
Ж.Нұркенов

      24 қаңтар 2019 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады