2020 жылға арналған Егіндікөл ауданында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 24 қазандағы № а-10/181 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 31 қазанда № 7454 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8) және 9) тармақшаларына, 27-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес, 2020 жылға арналған Егіндікөл ауданында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес, 2020 жылға арналған Егіндікөл ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      3. Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес, 2020 жылға арналған Егіндікөл ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау осы мәселеге жетекшілік ететін Егіндікөл ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысы
Егіндікөл ауданының
әкімі
Е.Исабеков

  Егіндікөл ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 24 қазандағы
№ а-10/181 қаулысына
1 қосымша

2020 жылға арналған Егіндікөл ауданында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

1

Егіндікөл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы "Егіндікөл аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

32

3,1

 
  Егіндікөл ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 24 қазандағы
№ а-10/181 қаулысына
2 қосымша

2020 жылға арналған Егіндікөл ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

1

Егіндікөл ауданы әкімдігінің жанындағы шаруашылық жүргізу кұқығындағы "Егіндікөл Су Арнасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

25

4

 
  Егіндікөл ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 24 қазандағы
№ а-10/181 қаулысына
3 қосымша

2020 жылға арналған Егіндікөл ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

1

Егіндікөл ауданы әкімдігінің жанындағы шаруашылық жүргізу кұқығындағы "Егіндікөл Су Арнасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

25

4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады