Ерейментау ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № а-5/140 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 8 мамырда № 7176 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № а-6/166 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 01.06.2020 № а-6/166 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Ерейментау ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп, Ерейментау ауданында үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар белгiленсiн.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар шарттық негізде берілсін.

      3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Ерейментау ауданы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ерейментау ауданы әкімі аппаратының басшысы Е. Б. Құттыбаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау ауданының әкімі А.Әлжанов

      "КЕЛIСIЛДI"

      Ерейментау аудандық
аумақтық сайлау
комиссия

 
  Ерейментау ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "4" мамырдағы
№ а-5/140 қаулысына
1-қосымша

Ерейментау ауданында үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

№ р/р

Елді мекеннің атауы

Үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1.

Ерейментау қаласы

Хабарландыруға арналған бағана, Абай Құнанбаев көшесі, 131.

Хабарландыруға арналған бағана, Абай Құнанбаев көшесі, 114.

2.

Олжабай батыр атындағы ауыл

Ерейментау ауданы білім бөлімінің "Олжабай батыр ауылының орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Ш. Байтуаров көшесі, 15.

3.

Ынтымақ ауылы

Ақпараттық стенд, Рақымжан Қошқарбаев атындағы көшесі, 19.

4.

Алғабас ауылы

Ақпараттық стенд, Шәйкен Тұрсынбаев атындағы көшесі, 9.

5.

Күншалған ауылы

Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Күншалған ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Иллиадор Поморцев атындағы көшесі, 8.

6.

Шәкей ауылы

Ерейментау ауданы білім бөлімінің "Жаңатұрмыс бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Жаңатұрмыс көшесі, 36.

7.

Қаратал ауылы

Ақпараттық стенд, Тәуелсіздік көшесі, 42.

8.

Сілеті ауылы

Ерейментау ауданы білім бөлімінің "Сілеті орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Ыбырай Алтынсарин атындағы көшесі, 9.

9.

Еркіншілік ауылы

Ерейментау ауданы білім бөлімінің "Еркіншілік орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Сарыжайлау көшесі, 24.

Ерейментау ауданы білім бөлімінің "Еркетай" бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд, Юрий Гагарин көшесі, 34.

10.

Веренка ауылы

Ақпараттық стенд, Мейман Мақатаев көшесі, 9.

11.

Еңбек ауылы

Ақпараттық стенд, Шайхы Кәрібаев көшесі, 16.

12.

Тайбай ауылы

Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Тайбай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Сарыарқа көшесі, 53.

13.

Елтай ауылы

Ақпараттық стенд, Достық көшесі, 4/2.

14.

Жарық ауылы

Ақпараттық стенд, Ынтымақ көшесі, 3.

15.

Малтабар ауылы

Ақпараттық стенд, Бөгенбай батыр атындағы көшесі, 9/3.

16.

Торғай ауылы

Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Торғай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Жәнібеков Құрмаш атындағы көшесі, 21.

Ерейментау ауданы білім бөлімінің "Торғай орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Сәкен Сейфуллин көшесі, 16.

17.

Балықты ауылы

Ақпараттық стенд, Орталық көшесі, 12.

18.

Жаңажол ауылы

Ерейментау ауданы білім бөлімінің "Жаңажол негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Тәуелсіздік көшесі, 4.

19.

Қарағайлы ауылы

Ақпараттық стенд, Қарағайлы көшесі, 16.

20.

Ақмырза ауылы

Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Ақмырза ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Жастар көшесі, 20.

21.

Жолбасшы ауылы

Ақпараттық стенд, Жолбасшы көшесі, 13.

22.

Ақсуат ауылы

Ерейментау ауданы білім бөлімінің "Ақсуат орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Ыбрай Алтынсарин атындағы көшесі, 2.

Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Ақсуат ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Бөгенбай батыр атындағы көшесі, 16/1.

23.

Бозтал ауылы

Ақмола облысы Ерейментау ауданы "Бозтал ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Достық көшесі, 1.

24.

Өлеңті ауылы

Ерейментау ауданы білім бөлімінің "Өлеңті орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Мәншүк Мәметова көшесі, 1а.

25.

Новомарковка ауылы

Ерейментау ауданы білім бөлімінің "Балабек Жахин атындағы Новомарковка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Яков Киселев көшесі, 20.

26

Қойтас ауылы

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің жанындағы шаруашылық жұмысына құқық алған "Мал Аман" коммуналды мемлекеттік кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд, Бейбітшілік көшесі, 11.

27

Ажы ауылы

Ерейментау ауданы білім бөлімінің "Ажы негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Зейн Шашкин атындағы көшесі, 6.

28

Бестоғай ауылы

Ерейментау ауданы білім бөлімінің "Бестоғай негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Абай Құнанбаев атындағы көшесі, 93.

29

Байсары ауылы

Ерейментау ауданы білім бөлімінің "Байсары бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд, Жеңіс көшесі, 44.

30

Қызылту ауылы

Ақпараттық стенд, Болашақ көшесі, 11.

31

Қоржынкөл станциясы

Ақпараттық стенд, Саққұлақ би атындағы көшесі, 16.

32

Өлеңті станциясы

Ақпараттық стенд, Жастар көшесі, 3.

 
  Ерейментау ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "4" мамырдағы
№ а-5/140 қаулысына
2- қосымша

Ерейментау ауданында кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

№ р/р

Елді мекеннің атауы

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

1.

Ерейментау қаласы

Ерейментау ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Үмбетей жырау атындағы Ерейментау аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының концерт залы, Валиханов көшесі, 43 "Г".

2.

Олжабай батыр атындағы ауыл

Благодат дәрігерлік амбулатория холлы, Өміржан Кенбаев көшесі, 25.

3.

Күншалған ауылы

Күншалған ауылдық клубының холлы, Иллиадор Поморцев атындағы көшесі, 1.

4.

Сілеті ауылы

Сілеті ауылы мәденит үйінің холлы, Ыбырай Алтынсарин атындағы көшесі, 5 .

5.

Еркіншілік ауылы

Ерейментау ауданы білім бөлімінің "Еркіншілік орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы Сарыжайлау көшесі, 24.

6.

Торғай ауылы

Ерейментау ауданы білім бөлімінің "Торғай орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы, Сәкен Сейфуллин көшесі, 16.

7.

Ақсуат ауылы

Ақсуат ауылдық клубының холлы, Ыбрай Алтынсарин атындағы көшесі, 1.

8.

Бозтал ауылы

Ерейментау ауданы білім бөлімінің "Бозтал орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы, Тәуелсіздік көшесі, 13 "б".

9.

Өлеңті ауылы

Ерейментау ауданы білім бөлімінің "Өлеңті орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы, Мәншүк Маметова көшесі, 1а.

10.

Новомарковка ауылы

Ерейментау ауданы білім бөлімінің "Балабек Жахин атындағы Новомарковка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы, Яков Киселев көшесі, 20.

11.

Ажы ауылы

Ерейментау ауданы білім бөлімінің "Ажы негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің спорттық залы, Зейн Шашкин атындағы көшесі, 6.

12.

Бестоғай ауылы

Ерейментау ауданы білім бөлімінің "Бестоғай негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы, Абай Құнанбаев атындағы көшесі, 93.

13.

Тайбай ауылы

Тайбай ауылы дәрігерлік амбулаториясының ғимараты, Сарыарқа көшесі, 52.

14

Ақмырза ауылы

Ерейментау ауданы білім бөлімінің "Ақмырза орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы, Бейбітшілік көшесі, 11.

 
  Ерейментау ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "4" мамырдағы
№ а-5/140 қаулысына
3- қосымша

Ерейментау ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулылардың тізбесі

      1. Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің "Ерейментау ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жай беру туралы" 2015 жылғы 2 ақпандағы № а-02/61 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4665 тіркелді, 2015 жылғы 07 наурызда "Ереймен", "Ерейментау" газеттерінде жарияланды) қаулысы;

      2. Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің "Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № а-02/61 "Ерейментау ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жай беру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 26 сәуірдегі № а-3/104 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5908 тіркелді, 2017 жылғы 06 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланды) қаулысы;

      3. Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің "Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № а-02/61 "Ерейментау ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жай беру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 20 тамыздағы № а-8/282 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6776 тіркелді, 2018 жылғы 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланды) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады