РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Ерейментау ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1.Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" 2019 жылғы 5 наурыздағы № а-2/57 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7099 тіркелген, 2019 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"1.Осы қаулының қосымшасына сәйкес "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін жалпы аумағы 21,1 гектар, меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскесін алып қоймай мерзімі 10 (он) жылға қауымдық сервитут белгіленсін.".
2.Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3.Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ерейментау ауданының әкімі |
А.Әлжанов |