Ерейментау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 қарашадағы № а-11/415 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 қарашада № 7517 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ерейментау ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылсын:

      1) Ерейментау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 06 желтоқсандағы № а-12/422 "Ерейментау ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6232 тіркелді, 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланды);

      2) Ерейментау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № а-11/415 "Ерейментау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 06 желтоқсандағы № а-12/422 "Ерейментау ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6901 тіркелді, 2018 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланды).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының М. Х. Кабдулловқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Альжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады