2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, Донской ауылдық округінің әкiмі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін Донской ауылдық округінің Андықожа батыр ауылы және Тасшалқар ауылы елді мекендерінің жерлерінде "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына жалпы алаңы 5,6268 гектар жер учаскелерін алып қоймастан үш (3) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану мақсатында жер учаскесін пайдаланған кезде "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Ж.Аубакиров |
Донской ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы " 14 " қарашадағы № 1 шешіміне қосымша |
Талщықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін Донской ауылдық округінің Андықожа батыр ауылы және Тасшалқар ауылы елді мекендерінің жерлерінде белгіленген жер учаскелерінің қауымдық сервитуты
№ | Жер учаскесiнiң орналасқан жерi | Қауымдық сервитут белгiленген жерлер, гектар жалпы | Жер санаты | Оның ішінде: | |||
егістік барлығы (гектар) | Шабындық (гектар) | жайылым (гектар) | басқалар | ||||
1 | Андықожа батыр ауылы | 2,0280 | елді мекендердің жері | 1,1820 | 0,846 | ||
2 | Тасшалқар ауылы | 3,5988 | елді мекендердің жері | 2,1030 | 1,4958 | ||
барлығы | 5,6268 | 3,2850 | 2,3418 |