Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Біржан сал ауданы Үлгі ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 14 қарашадағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 21 қарашада № 7500 болып тіркелді

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, Үлгі ауылдық округінің әкiмі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін Үлгі ауылының елді мекенінің жерлерінде "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына жалпы алаңы 1,9638 гектар жер учаскелерін алып қоймастан үш (3) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану мақсатында жер учаскесін пайдаланған кезде "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Е.Сыздықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады