Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің 09.07.2021 № 6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23-бабына сәйкес, Жақсы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жақсы ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" Жақсы ауданы әкімінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 9 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6909 болып тіркелген, 2018 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында 8 жол жаңа редакцияда жазылсын:
"8. № 463 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Новокиенка ауылы, Победа көшесі, 29, "Новокиенка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің халықтың мәдени-демалыс орталығы.
Шекарасы: Новокиенка ауылы.";
көрсетілген шешімнің қосымшасында 23 жол жаңа редакцияда жазылсын:
"23. № 478 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Белағаш ауылы, Школьная көшесі, 15, "Белагаш" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ауылдық Мәдениет үйі.
Шекарасы: Белағаш ауылы.".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жақсы ауданының әкімі |
Б.Малғаждаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы |
Р.Тлепова |
2019 жыл "12" наурыз