2020 жылға арналған Қорғалжын ауданында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 28 қарашадағы № А-11/221 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 29 қарашада № 7525 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8) және 9) тармақшаларына, 27-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Қорғалжын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес, 2020 жылға арналған Қорғалжын ауданында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес, 2020 жылға арналған Қорғалжын ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      3. Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес, 2020 жылға арналған Қорғалжын ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасары М.Амангельдиновке жүктелсін.

      5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қорғалжын ауданы әкімі Б.Жанбаев

 
  Қорғалжын ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 28 қарашадағы
№ А-11/221 қаулысына
1-қосымша

2020 жылға арналған Қорғалжын ауданында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

1

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "Қорғалжын аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесі

90

1,1

 
  Қорғалжын ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 28 қарашадағы
№ А-11/221 қаулысына
2-қосымша

2020 жылға арналған Қорғалжын ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

1

"Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

15

6,7

 
  Қорғалжын ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 28 қарашадағы
№ А-11/221 қаулысына
3-қосымша

2020 жылға арналған Қорғалжын ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

1

Қорғалжын ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығына "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын

26

3,8


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады