Сандықтау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № А-6/135 "Сандықтау ауданының елді мекендерінде салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № A-8/270 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 қыркүйекте № 7356 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сандықтау ауданы әкімдігінің "Сандықтау ауданының елді мекендерінде салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" 2018 жылғы 31 мамырдағы № А-6/135 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6672 болып тіркелген, 2018 жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сандықтау ауданының
әкімі
А.Уисимбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады