Целиноград аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 271/39-6 "2019-2021 жылдарға арналған Целиноград ауданының ауылдық округтерінің бюджеттері туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 ақпандағы № 285/41-6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 ақпанда № 7081 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Ақмола облысы Целиноград ауданының кейбiр ауылдарын және ауылдык округтерiн кайта атау туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № А-12/553 қаулысына және Ақмола облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 6С-27-23 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7006 болып тіркелген) шешіміне сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Целиноград аудандық мәслихатының "2019-2021 жылдарға арналған Целиноград ауданының ауылдық округтерінің бюджеттері туралы" 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 271/39-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7050 болып тіркелген, 2019 жылғы 22 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 6 тармағында "Краснояр" сөзі "Жарлыкөл" сөзімен ауыстырылсын;

      көрсетілген шешімнің 7 тармағында "Максимовка" сөзі "Арайлы" сөзімен ауыстырылсын;

      көрсетілген шешімнің 8 тармағында "Новоишимка" сөзі "Жаңаесіл" сөзімен ауыстырылсын;

      көрсетілген шешімнің 16, 17, 18 қосымшаларының тақырыптарында "Красноярка" сөзі "Жарлыкөл" сөзімен ауыстырылсын;

      көрсетілген шешімнің 19, 20, 21 қосымшаларының тақырыптарында "Максимовка" сөзі "Арайлы" сөзімен ауыстырылсын;

      көрсетілген шешімнің 22, 23, 24 қосымшаларының тақырыптарында "Новоишимка" сөзі "Жаңаесіл" сөзімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Целиноград аудандық
мәслихаты сессиясының
төрағасы
Н.Тоқабаев
      Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы
Б.Жанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Целиноград ауданының әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады