Бурабай ауданының Щучинск қаласы, Бурабай кенті мен ауылдық елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 24 мамырдағы № 6С-43/5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 мамырда № 7214 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бурабай ауданының Щучинск қаласы, Бурабай кенті мен ауылдық елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

      2. Бурабай аудандық мәслихаттың кейбір шешімдері осы шешімнің 4 қосымшасына сәйкес күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
XLIІI сессиясының
төрағасы
Р.Махаев
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ө.Бейсенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бурабай ауданының әкімі Қ.Қарауылов

 
  Бурабай аудандық мәслихаттың
2019 жылғы 24 мамырдағы
№ 6С-43/5 шешіміне
1 қосымша

Щучинск қаласының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

Аймақ №

Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

Аймақтардың шекаралары

1

2

3

I

1,9

Аймақ қаланың орталығында орналасқан. Келесі көшелермен шектелген: оңтүстігінде Ломоносов көшесімен, батысында Пугачев көшесімен, шығысында Қылшақты өзенімен. Солтүстігінде XI аймақпен шектеседі. Аймақ қаланың орталығы болып табылады, оның тұрғын массиві абаттандырылған және жеке тұрғын үйлерден тұрады. Бұл аймақтың басым бөлігінде әлеуметтік-мәдени тұрмыстық объектілері шоғырланған, дүкендер, дәріханалар, дәмханалар, мейрамханалар, қонақ үйлер, базар, мектеп, фотосалондар, мәдениет үйі, саябақ орналасқан, сондай-ақ мұнда әкімшілік ғимараттар: аудандық әкімдік, қалалық әкімдік, прокуратура, сот, әскери комиссариат, қазынашылық, мұрағат, халық банкінің филиалы орналасқан. Негізі және басты көшелері болып Әуезов көшесі мен Абылайхан көшесі табылады, осы көшелер мен оларға іргелес көшелер бойынша абаттандырылған үйлер орналасқан. Аймақ аумағының басым бөлігін жеке сектор алып отыр.

II

1,6

Аймақ Щучинск қаласының орталығына жақын орналасқан. Оңтүстігінде Одесская көшесімен, солтүстігінде Ломоносов көшесімен және шығысында өзенмен шектеледі. Аймақ аумағында мектеп, стадион, отбасылық дәрігерлік амбулатория орналасқан. Абылайхан көшесі бойында абаттандырылған үйлер орналасқан. Әуезов көшесінде техникалық қызмет көрсету станциясы, көлік жуу, шағын маркет, дәмхана орналасқан. Аймақ сондай-ақ басым бөлігінде жеке сектормен қамтылған. Инженерлік желілер мен коммуникациялар жартылай өткізілген.

III

1,4

Аймақ оңтүстігінде Мәлік Ғабдуллин көшесімен, шығысында Пугачев және Думан көшелерімен, солтүстігінде Одесская көшесімен және ХIV аймақпен шектеледі, батыс жағынан ХIV аймақпен шектеседі. Аймақтың тұрғын массиві жеке сектордан тұрады.

IV

1,5

Аймақ V аймақтың солтүстік жағында орналасқан және сәйкесінше аймақтың оңтүстік шекарасы темір жолмен өтеді. Батыс жағы айналу трассасымен шектелген, солтүстігінен аймақ шекарасы Одесская көшесі және Мәлік Ғабдуллин көшесімен өтеді, шығысында V аймақпен шектеседі. Аймақтың тұрғын секторының басым бөлігі жеке үйлерден тұрады. Батыс жағының бір бөлігін өндірістік объектер алып жатыр.

V

1,3

Аймақ Щучинск қаласының оңтүстік шетінде орналасқан, жеке сектордан тұратын аумақ болып табылады. Инженерлік желілер мен коммуникациялар жоқ. Өндірістік объектілерден аумақта ет комбинаты, "Газтехнология" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, мұнай базасы, электрподстанция орналасқан. Солтүстік және шығысында темір жолмен шектеледі, оңтүстік және батысында шекарасы Щучинск қаласының шекарасына жетпейді және Нұр-Сұлтанға барар трасса бойындағы жанармай құю станциялары аумаққа енбейді.

VI

1,5

Аймақ қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан. Солтүстік және солтүстік-шығысында IX аймақпен және Көктау көшесімен, шығыс және оңтүстік-шығысында Степан Разин және Пугачев көшелерімен, оңтүстік және оңтүстік-батысында Ломоносов көшесімен, батыс және солтүстік-батысында Тұмар және Трудовая көшелерімен және өндірістік базаларға барар темір жолмен шектеледі. Аймақ негізгі бөлігінде жеке құрылыстан тұрады, өндірістік объектілер мен рекреациялық мәндегі объектілер де орналасқан.

VII

1,4

Аймақ қаланың солтүстік-батыс шетінде орналасқан. Батыс және оңтүстік-батысында Көкшетау-Нұр-Сұлтан трассасымен, Алтын күз көшесімен, солтүстік және солтүстік-шығысында темір жол бойындағы IX аймақпен, шығысында өндірістік базаларға барар темір жолмен, оңтүстігінде Амангелді көшесімен шектеледі. Аймақ өзінің негізгі бөлігінде жеке құрылыстан тұрады, сондай-ақ № 4 орта мектеп, дүкендер, өндірістік ғимараттар, жанармай құю станциялары, газ құю станциясы орналасқан.

VIII

1,5

Аймақ қаланың солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Солтүстік, батыс және оңтүстік-батысында Щучинск қаласының әкімшілік шекарасымен, оңтүстік пен шығысында Көкшетау-Нұр-Сұлтан трассасымен және жағалаудағы IX аймақпен шектеледі. Аймақ басым бөлігінде рекреациялық және сауықтыру мақсатындағы объектілерден тұрады, сондай-ақ жол бойындағы қызмет көрсету объектілері, өртке қарсы бөлімі, жанармай құю станциялары, газ құю станциялары орналасқан.

IX

1,6

Аймақ қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығысында Щучинск қаласының әкімшілік шекарасымен, оңтүстігінде Ботаническая, Профессиональная және Канай би көшелерімен, батысында шаңғы базасы мен гольфклубының аумағымен шектеледі. Аймақ жеке құрылыстан тұрады, сондай-ақ мектеп, дүкендер, қонақ үйлер, өндірістік объектілері орналасқан.

X

1,3

Аймақ қаланың шығыс бөлігінде орналасқан. Солтүстік және солтүстік-шығысында XII аймақпен, шығысынан ХIII аймақпен және Бурабай кентіне айналып өту жолымен, оңтүстігінде V аймақпен, батысында I және II аймақтармен шектеледі. Аймақ дербес "Айнакөл" шағын ауданынан тұрады, құрылыстың басым бөлігі жеке. Инженерлік желілермен коммуникациялар жартылай өткізілген.

XI

2,0

Аймақ Щучье көлінің жағалау аумағын алып жатыр. "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің шекараларында орналасқан, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде және батысында I, VI, VII, VIII, IX аймақтарымен шектеледі. Аймақ рекреациялық және сауықтыру мақсатындағы объектілерінен тұрады, оған еркін экономикалық аймақ, "Щучинский" шипажайы, гольфклуб, "Қазақ орман шаруашылығының ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі орналасқан.

XII

1,4

Аймақ Щучинск қаласының шығысында орналасқан. Шығысында Щучинск қаланың әкімшілік шекарасымен, оңтүстік және оңтүстік-батысында X және ХIII аймақтарымен, батысында I аймақпен, солтүстік және солтүстік-батысында IX және XI аймақтарымен шектеледі. Аймақ аумағында орталық аудандық аурухана, шаңғы базасы, емхана, спорт мектебі, "Көкшетау орман селекциясы орталығы" Республикалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының жерлері орналасқан.

ХIII

1,1

Аймақ қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Шығыс, оңтүстік және оңтүстік-батысында Щучинск қаласының әкімшілік шекарасы мен ХV аймақпен, батысында, солтүстік және солтүстік-шығысында V, X және XII аймақтармен шектеледі. Аймақ саяжай кооперативтерінің объектілерінен тұрады. Инженерлік желілер мен коммуникациялар жоқ.

ХIV

1,4

Аймақ қаланың батыс бөлігінде орналасқан. Батысында Щучинск қаласының әкімшілік шекарасымен, солтүстік және солтүстік-шығысында VI және VII аймақтармен, шығыс және оңтүстік-шығысында Тұмар және Одесская көшелері бойындағы II және III аймақтармен, оңтүстігінде IV және ХV аймақтармен шектеледі. Аймақ өндірістік объектілерінен тұрады. Басым бөлігінде жергілікті инженерлік желілер мен коммуникациялар жүргізілген.

ХV

1,1

Аймақ қаланың оңтүстік және оңтүстік-шығыс шетінде орналасқан. Солтүстігінде Нұр-Сұлтан-Көкшетау трассасы мен бас жоспармен жобаланған автожол бойындағы ХIV, V, ХIII аймақтармен, шығысында, оңтүстік және батысында Щучинск қаланың әкімшілік шекарасымен шектеледі. Аймақ өндірістік объектілер мен ауылшаруашылық кәсіпорындарынан тұрады. Инженерлік желілер мен коммуникациялар жергілікті.

 
  Бурабай аудандық мәслихаттың
2019 жылғы 24 мамырдағы
№ 6С-43/5 шешіміне
2 қосымша

Бурабай кентіндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

Аймақ №

Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

Аймаққа кіретін елді мекендердің атауы

1

2

3

І

2,0

01-177-014/015/038

Бурабай кенті

2,0

01-177-015

Оқжетпес ауылы (Бурабай кенті)

2,0

01-177-030

Сауықтыру және рекреациялық мақсатындағы жерлер


2,0

аймақ бойынша орташа мағына

ІІ

1,7

01-177-037

Сарыбұлақ ауылы (Бурабай кенті)


1,7

аймақ бойынша орташа мағына

 
  Бурабай аудандық мәслихаттың
2019 жылғы 24 мамырдағы
№ 6С-43/5 шешіміне
3 қосымша

Бурабай ауданының ауылдық елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 25.02.2020 № 6С-56/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен; өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 10.11.2023 № 8С-10/2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Аймақ №

Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

Аймаққа кіретін ауылдық елді мекендердің атауы (ауылдық округтер бойынша)

1

2

3

І

2,0

01-171-002

Кенесары ауылы
(Кенесары ауылдық округі)

1,8

01-171-010, 041

Қатаркөл ауылы
(Қатаркөл ауылдық округі)

1,8

01-171-011

Атамекен ауылы
(Атамекен ауылдық округі)

1,8

01-171-004, 042

Зеленый Бор ауылы
(Зеленобор ауылдық округі)

1,6

01-171-012

Ұрымқай ауылы
(Ұрымқай ауылдық округі)

1,6

01-171-008

Златополье ауылы
(Златополье ауылдық округі)


1,76

аймақ бойынша орташа мағына

ІІ

1,5

01-171-001

Қызылағаш ауылы
(Абылайхан ауылдық округі)

1,5

01-171-011

Жасыл ауылы
(Атамекен ауылдық округі)

1,4

01-171-003

Ақылбай ауылы
(Абылайхан ауылдық округі)

1,4

01-171-003

Озерное ауылы
(Абылайхан ауылдық округі)

1,4

01-171-015

Успеноюрьевка ауылы
(Успеноюрьев ауылдық округі)

1,4

01-171-007

Баянбай ауылы
(Кенесары ауылдық округі)

1,4

01-171-011

Қаражар ауылы
(Атамекен ауылдық округі)

1,3

01-171-015

Клинцы ауылы
(Успеноюрьев ауылдық округі)

1,3

01-171-009

Қарашілік ауылы
(Ұрымқай ауылдық округі)

1,2

01-171-011

Жаңажол ауылы
(Атамекен ауылдық округі)

1,2

01-171-009

Аққайың ауылы
(Ұрымқай ауылдық округі)

1,2

01-171-011

Жарқайың ауылы
(Атамекен ауылдық округі)

1,2

01-171-010

Ключевое ауылы
(Қатаркөл ауылдық округі)

1,2

01-171-004

Молбаза ауылы
(Зеленобор ауылдық округі)

1,2

01-171-008

Савинка ауылы
(Златополье ауылдық округі)

1,2

01-171-014

Веденовка ауылы
(Веденов ауылдық округі)


1,31

аймақ бойынша орташа мағына

ІІІ

1,1

01-171-008

Сотниковка ауылы
(Златополье ауылдық округі)

1,1

01-171-010

Вишневое ауылы
(Қатаркөл ауылдық округі)

1,1

01-171-010

Сосновка ауылы
(Қатаркөл ауылдық округі)

1,1

01-171-011

Шиелі ауылы
(Атамекен ауылдық округі)

1,1

01-171-005

Наурызбай батыр ауылы
(Зеленобор ауылдық округі)

1,1

01-171-012

Дмитриевка ауылы
(Ұрымқай ауылдық округі)

1,1

01-171-009

Көрнекті ауылы
(Ұрымқай ауылдық округі)

1,0

01-171-004

Қымызынай ауылы
(Зеленобор ауылдық округі)

1,0

01-171-006

Жаңаталап ауылы
(Зеленобор ауылдық округі)

1,0

01-171-007

Брусиловка ауылы
(Кенесары ауылдық округі)

0,9

01-171-001

Қарабауыр ауылы
(Абылайхан ауылдық округі)

0,9

01-171-015

Үлгіалған ауылы
(Успеноюрьев ауылдық округі)

0,9

01-171-013

Обалы ауылы
(Златополье ауылдық округі)

0,9

01-171-013

Лесной хутор ауылы
(Златополье ауылдық округі)

0,9

01-171-013

Түлкілі ауылы
(Златополье ауылдық округі)

0,9

01-171-006

Мәдениет ауылы
(Зеленобор ауылдық округі)

0,9

01-171-012

Күлстан ауылы
(Ұрымқай ауылдық округі)

0,9

01-171-012

Ынталы ауылы
(Ұрымқай ауылдық округі)

0,9

01-171-012

Кіндікқарағай ауылы
(Ұрымқай ауылдық округі)


0,98

аймақ бойынша орташа мағына

IV

0,8

01-171-016

Райгородок ауылы
(Успеноюрьев ауылдық округі)

0,8

01-171-016

Николаевка ауылы
(Успеноюрьев ауылдық округі)

0,8

01-171-013

Новоандреевка ауылы
(Златополье ауылдық округі)

0,7

01-171-015

Қарағай ауылы
(Успеноюрьев ауылдық округі)

0,6

01-171-014

Жаңатуған ауылы
(Веденов ауылдық округі)

0,6

01-171-016

Қарабұлақ ауылы
(Веденов ауылдық округі)


0,71

аймақ бойынша орташа мағына

V

0,5

01-171-014

Федосеевка ауылы
(Веденов ауылдық округі)


0,5

аймақ бойынша орташа мағына


  Бурабай аудандық мәслихаттың
2019 жылғы 24 мамырдағы
№ 6С-43/5 шешіміне
4 қосымша

Бурабай аудандық мәслихаттың күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1) "Бурабай ауданының Щучинск қаласы, Бурабай кенті мен ауылдық елді мекендеріндегі жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" 2013 жылғы 21 қарашадағы № 5С-23/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3926 болып тіркелген, 2013 жылғы 19 желтоқсанда аудандық "Бурабай", "Луч" газеттерінде жарияланған);

      2) "Бурабай аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 21 қарашадағы № 5С-23/2 "Бурабай ауданының Щучинск қаласы, Бурабай кенті мен ауылдық елді мекендеріндегі жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2014 жылғы 19 қарашадағы № 5С-36/16 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4508 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      3) "Бурабай аудандық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 11 маусымдағы № 5С-43/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4867 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 шілдеде аудандық "Бурабай", "Луч" газеттерінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады