Бурабай аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 6С-38/6 "Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 мамырдағы № 6С-43/10 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 маусымда № 7220 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С-70/10 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 25.12.2020 № 6С-70/10 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бурабай аудандық мәслихаттың "Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 6С-38/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7059 болып тіркелген, 2019 жылғы 04 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      9 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "9. Әлеуметтік көмек алушылардың келесі санаттарына беріледі:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа тұлғалардың санаттарына;

      1941 жылғы 22 маусымнан – 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі аралықта кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген), Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанкештілікпен жасаған еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдармен марапатталмаған тұлғаларға;

      саяси қуғын-сүргін және ашаршылықтан зардап шеккен деп танылған тұлғаларға;

      ең төмен зейнетақы алатын және ең аз зейнетақыдан төмен алатын зейнеткерлерге;

      18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған тұлғаларға;

      анықталған жағдайларға байланысты, жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) өрт, басқа да табиғи және техногендік сипаттағы айрықша жағдайларда;

      әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын тұлғаларға (туберкулезбен, онкологиялық аурулармен);

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға;

      оқытудың күндізгі оқыту түрі бойынша колледждерде ақы төлеу негізінде оқитын аз қамтылған және халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарынан (отбасылардан) болған студенттерге;

      Бурабай ауданының мемлекеттік медициналық мекемелерімен оқуды аяқтағанынан кейін жұмысқа орналасу туралы шарт жасаған, жоғарғы медициналық оқу орындарында оқитын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың студенттеріне;

      Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларына;

      көпбалалы аналарға және олардың 18 жасқа дейінгі балаларына;

      табысы күнкөріс деңгейінен аспайтын көпбалалы отбасыларға.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан, азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру немесе әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың бар болуы.";

      10 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "10. Әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      1) 15 ақпан – Ауғанстаннан әскерді шығару күніне:

      Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларына;

      2) 9 мамыр – Жеңіс күніне:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа тұлғалардың санаттарына;

      1941 жылғы 22 маусымнан – 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі аралықта кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген), Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанкештілікпен жасаған еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдармен марапатталмаған тұлғаларға;

      3) саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне:

      саяси қуғын-сүргін және ашаршылықтан зардап шеккен деп танылған тұлғаларға;

      4) Қарт адамдар күніне:

      ең төмен зейнетақы алатын және ең аз зейнетақыдан төмен алатын зейнеткерлерге;

      5) Мүгедектер күніне:

      18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;

      6) анықталған жағдайларға байланысты, жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) өмірлік қиын жағдай туындағаннан кейін 3 айдан кешіктірмей жүгінген кезде, кірісіне қарамастан, жылына бір рет:

      онкологиялық аурулармен ауыратын, стационар жағдайда арнайы ем қабылдаудағы тұлғаларға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      туберкулезбен ауыратындарға амбулаторлық емделу мерзіміне 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      отбасыларға (азаматтарға) өрт, басқа да табиғи және техногендік сипаттағы айрықша жағдайларда 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      7) облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансфертер есебінен оқытудың күндізгі оқыту түрі бойынша колледждерде ақы төлеу негізінде оқитын аз қамтылған және халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарынан (отбасылардан) болған студенттерге, білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, оқу орнынан анықтаманың және өтініш берушінің (отбасының) аз қамтылған немесе халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына жататындығын растайтын анықтама негізінде, жылына бір рет жылдық оқуын 100 пайыз мөлшерінде төлеуге арналған біржолғы көмек;

      8) коммуналдық қызмет шығындары үшін өтініш берусіз уәкілетті ұйыммен ұсынылған тізімдерінің негізінде:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне ай сайын облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен 100 пайыз мөлшерінде:

      сумен, канализация, жылумен, қоқыстарды жою, электр қуатымен қамтамасыз ету қызметтерін көрсеткендері үшін қызмет көрсетушілері берген тізілімдеріне сай алушының өтініші бойынша қызмет көрсетушілердің шоттарына;

      байланыс қызметтері (абоненттік төлемақы), газбен қамтамасыз ету алушылардың жеке шоттарына.

      Әлеуметтік көмекті алушының қалауы бойынша қатты отынға жұмсалған шығындар жылу беру мерзімінде Ұлы Отан соғысы қатысушының немесе мүгедектің нақты тұрып жатқан жері бойынша тұрғын үйдің алып жатқан алаңына сай 1 шаршы метр алаңын жылытуға қажетті көмірдің шығынын есептегенде тұрғын үй ғимараттарының 1-2 қабатты құрылыстары үшін 49,75 килограмм мөлшерінде алушылардың жеке шотына немесе қатты отынды сатып алғаны жөнінде ұсынылған түбіртектеріне сай өтеледі.

      Ұлы Отан соғысына қатысушы пайдаланып жүрген жеңілдіктер, оның пайдалану мерзімі кезеңі ішінде онымен бірге тұратын және тіркелген жандарға да осы әлеуметтік көмек түрі көрсетіледі;

      9) Бурабай ауданының мемлекеттік медициналық мекемелерімен оқуды аяқтағанынан кейін жұмысқа орналасу туралы шарт жасаған, жоғарғы медициналық оқу орындарында оқитын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың студенттеріне, көп балалы отбасы санатын растайтын анықтаманың немесе өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататынын растайтын анықтама негізінде облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен оқуы үшін 100 % мөлшерінде төлеуге;

      10) ағымдағы қаржы жылына қарастырылған сомалар шегінде, мемлекеттік сатып алу өткізу арқылы сатып алынатын Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларына санаторлық-курорттық емдеуге жолдамалар түрінде.

      Санаторлық-курорттық емдеуден өту мерзімі 10 күнді құрайды. Санаторлық-курорттық емделуге құқық өтініш берген күніне сәйкес кезектілік тәртібінде күнтiзбелiк жылда бір реттен аспайтындай беріледі. Санаторлық-курорттық емдеуден өту орнына дейiнгi және керi қайту жолақысының құнын төлеу санаторлық-курорттық емдеуді алушының жеке қаражаты есебiнен жүргiзiледi. Өтiнiш берушi санаторлық-курорттық емдеуден өз қалауы бойынша бас тартқан жағдайда, жолдама уәкілетті органға қайтаруға және кезектілікке сәйкес басқа өтiнішкерге беруге жатады;

      11) жақын туыстарының өтініші бойынша мүгедектігі жоқ, қайтыс болған Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларын жерлеуге 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы жәрдемақы;

      12) өтініш бойынша бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін, 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде күнтiзбелiк жылда бір рет берілетін бір жолғы көмек;

      13) өтініш бойынша көпбалалы аналарға және олардың 15 жасқа дейінгі балаларына заттай түрінде тоқсан сайынғы көмек (Щучинск қаласында тұратын 1 адамға тоқсанына 126 дана мөлшерінде жол жүру талондары).";

      13 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

      3) Үлгiлiк қағидаларға 1 қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәлiметтi;

      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметті;

      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты;

      6) кәмелет жасына толмаған балалардың туу туралы куәліктерін ұсынады.".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
XLIІI сессиясының төрағасы
Р.Махаев
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ө.Бейсенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бурабай ауданының
әкімі
Қ.Қарауылов

О внесении изменений в решение Бурабайского районного маслихата от 25 января 2019 года № 6С-38/6 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Бурабайскому району"

Решение Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 29 мая 2019 года № 6С-43/10. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 4 июня 2019 года № 7220. Утратило силу решением Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 25 декабря 2020 года № 6С-70/10.

      Сноска. Утратило силу решением Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 25.12.2020 № 6С-70/10 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Постановлением Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Бурабайский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Бурабайского районного маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Бурабайскому району" от 25 января 2019 года № 6С-38/6 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 7059, опубликовано 04 февраля 2019 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде) следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Бурабайскому району, утвержденных указанным решением:

      пункт 9 изложить в новой редакции:

      "9. Социальная помощь предоставляется следующим категориям получателей:

      участникам и инвалидам Великой Отечественной войны;

      лицам, приравненным к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны;

      другим категориям лиц, приравненных к участникам Великой Отечественной войны;

      лицам, проработавшим (прослужившим) не менее 6 месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза Советских социалистических республик, за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны;

      лицам, признанным пострадавшими от политических репрессий и голода;

      пенсионерам с минимальной пенсией и ниже минимальной пенсии;

      лицам, воспитывающим ребенка-инвалида до 18 лет;

      семьям (гражданам) в силу определенных обстоятельств, нуждающихся в экстренной социальной поддержке, в исключительных случаях, таких как пожар, другое стихийное бедствие природного или техногенного характера;

      лицам, больным социально-значимыми заболеваниями (туберкулезом, онкологическими заболеваниями);

      лицам, освободившимся из мест лишения свободы;

      студентам из числа малообеспеченных и социально-уязвимых слоев населения (семей) обучающимся на очной форме обучения в колледжах на платной основе;

      студентам из малообеспеченных и многодетных семей, обучающимся в высших учебных заведениях, заключившим договор о трудоустройстве с государственными медицинскими учреждениями Бурабайского района после окончания учебы;

      участникам боевых действий в Афганистане;

      многодетным матерям и их детям до 18 лет;

      многодетным семьям, доход которых не превышает величину прожиточного минимума.

      При этом основаниями для отнесения граждан к категории нуждающихся при наступлении трудной жизненной ситуации являются:

      1) основания, предусмотренные законодательством Республики Казахстан;

      2) причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара, либо наличие социально-значимого заболевания;

      3) наличие среднедушевого дохода, не превышающего порога, в однократном отношении к прожиточному минимуму.";

      пункт 10 изложить в новой редакции:

      "10. Социальная помощь предоставляется:

      1) ко Дню вывода войск из Афганистана – 15 февраля:

      участникам боевых действий в Афганистане;

      2) ко Дню Победы – 9 мая:

      участникам и инвалидам Великой Отечественной войны;

      лицам, приравненным к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны;

      другим категориям лиц, приравненных к участникам Великой Отечественной войны;

      лицам, проработавшим (прослужившим) не менее 6 месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года, и, не награжденным орденами и медалями бывшего Союза Советских Социалистических республик за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны;

      3) ко Дню памяти жертв политических репрессий и голода:

      лицам, признанным пострадавшими от политических репрессий и голода;

      4) ко Дню пожилых людей:

      пенсионерам с минимальной пенсией и ниже минимальной пенсии;

      5) ко Дню инвалидов:

      детям-инвалидам до 18 лет;

      6) семьям (гражданам) в силу определенных обстоятельств, нуждающихся в экстренной социальной поддержке, при обращении не позднее трех месяцев после наступления трудной жизненной ситуации, без учета дохода один раз в год:

      больным онкологическими заболеваниями, проходящим специальное лечение в условиях стационара в размере 15 месячных расчетных показателей;

      больным туберкулезом на период амбулаторного лечения в размере 15 месячных расчетных показателей;

      лицам, освободившимся из мест лишения свободы в размере 15 месячных расчетных показателей;

      семьям (гражданам) в исключительных случаях, таких как пожар, другое стихийное бедствие природного или техногенного характера в размере 30 месячных расчетных показателей;

      7) единовременная помощь студентам из числа малообеспеченных и социально-уязвимых слоев населения (семей), обучающимся на очной форме обучения в колледжах на платной основе на оплату за учебу один раз в год в размере 100 процентной стоимости годового обучения на основании копии договора с учебным заведением, заверенной нотариально, справки с места учебы и справки, подтверждающей принадлежность заявителя (семьи) к малообеспеченным гражданам, либо к социально-уязвимым слоям населения, за счет целевых трансфертов, выделяемых из областного бюджета;

      8) без подачи заявления на основании списков уполномоченной организации на расходы за коммунальные услуги:

      участникам и инвалидам Великой Отечественной войны в размере 100 процентов ежемесячно за счет целевых трансфертов, выделяемых из областного бюджета:

      за водоснабжение, канализацию, теплоснабжение, мусороудаление, электроснабжение, согласно реестров, предоставленных поставщиками услуг на счета услугодателей по заявлению получателя;

      услуги связи (абонентская плата), газоснабжение на лицевые счета получателей.

      По выбору получателя социальной помощи расходы на твердое топливо в период отопительного сезона возмещаются согласно занимаемой площади по месту фактической регистрации участника или инвалида Великой Отечественной войны, путем перечисления на лицевые счета получателей из расчета расхода угля на отопление 1 квадратного метра площади для жилых зданий 1-2 этажной постройки в размере 49,75 килограмма или согласно предоставленных квитанций на приобретение твердого топлива.

      Социальная помощь предоставляется и на совместно проживающих и прописанных с ними членов семьи, на которых льготы распространяются до тех пор, пока ими пользуется участник Великой Отечественной войны;

      9) студентам из малообеспеченных и многодетных семей, обучающимся в высших медицинских учебных заведениях, заключившим договор о трудоустройстве с государственными медицинскими учреждениями Бурабайского района после окончания учебы, на оплату за обучение в размере 100 % на основании справки, подтверждающей статус многодетной семьи или справки, подтверждающей принадлежность заявителя (семьи) к получателям адресной социальной помощи за счет целевых трансфертов, выделяемых из областного бюджета;

      10) участникам боевых действий в Афганистане в виде путевок на санаторно-курортное лечение приобретаемых путем проведения государственных закупок, в пределах сумм предусмотренных на текущий финансовый год.

      Срок прохождения санаторно-курортного лечения составляет 10 дней. Право на санаторно-курортное лечение предоставляется не более одного раза в календарный год в порядке очередности согласно даты подачи заявления. Оплата стоимости проезда до места прохождения санаторно-курортного лечения и обратно производится за счет собственных средств получателя санаторно-курортного лечения. В случае отказа заявителя от прохождения санаторно-курортного лечения по собственному желанию направление-путевка подлежит возврату в уполномоченный орган и выдаче другому заявителю согласно очередности;

      11) единовременное пособие на погребение умерших участников боевых действий в Афганистане, не имеющих инвалидности в размере 15 месячных расчетных показателей по заявлению близких родственников;

      12) единовременная помощь многодетным семьям, совместно проживающим, ведущим общее хозяйство, имеющих 4 и более несовершеннолетних детей в размере 15 месячных расчетных показателей один раз в календарный год по заявлению;

      13) ежеквартальная помощь многодетным матерям и их детям до 15 лет в натуральном выражении по заявлению (проездные талоны в количестве 126 штук в квартал на 1 человека проживающего в городе Щучинске).";

      пункт 13 изложить в новой редакции:

      "13. Для получения социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации заявитель от себя или от имени семьи в уполномоченный орган или акиму поселка, села, сельского округа предоставляет заявление с приложением следующих документов:

      1) документ, удостоверяющий личность;

      2) документ, подтверждающий регистрацию по постоянному месту жительства;

      3) сведения о составе лица (семьи) согласно приложению 1 к Типовым правилам;

      4) сведения о доходах лица (членов семьи);

      5) акт и/или документ, подтверждающий наступление трудной жизненной ситуации;

      6) свидетельство о рождении на несовершеннолетних детей.".

      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель XLIІI
сессии районного маслихата
Р.Махаев
      Секретарь районного
маслихата
У.Бейсенов

      "СОГЛАСОВАНО"

      Аким Бурабайского района К.Караулов