Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 25.12.2020 № 6С-70/10 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бурабай аудандық мәслихаттың "Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 6С-38/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7059 болып тіркелген, 2019 жылғы 04 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Бурабай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2 тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"7) уәкілетті орган – "Бурабай ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі";
9 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"9. Әлеуметтік көмек алушылардың келесі санаттарына беріледі:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға;
жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттарына;
1941 жылғы 22 маусымнан – 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі аралықта кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген), Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанкештілікпен жасаған еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдармен марапатталмаған адамдарға;
саяси қуғын-сүргін және ашаршылықтан зардап шеккен деп танылған адамдарға;
ең төмен зейнетақы алатын және ең аз зейнетақыдан төмен алатын зейнеткерлерге;
мүгедектерге және 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға;
анықталған жағдайларға байланысты, жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) өрт, басқа да табиғи және техногендік сипаттағы айрықша жағдайларда;
туберкулезбен және онкологиялық аурулармен ауыратын адамдарға;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға;
оқытудың күндізгі оқыту түрі бойынша колледждерде ақы төлеу негізінде оқитын аз қамтылған және халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарынан (отбасылардан) болған студенттерге;
Бурабай ауданының мемлекеттік медициналық мекемелерімен оқуды аяқтағанынан кейін жұмысқа орналасу туралы шарт жасаған, жоғарғы медициналық оқу орындарында оқитын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың студенттеріне;
Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларына;
табысы күнкөріс деңгейінен аспайтын аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға;
көп балалы отбасыларға, ата-аналарының біріне (анасына немесе әкесіне, немесе қорғаншысына (қамқоршысына) және олардың 7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларына;
адамның иммунитет тапшылығы вирусы инфекциясы бар балаларға.
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген негіздемелер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан, азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру немесе әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың бар болуы";
10 тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"2) Жеңіс күніне:
бір реттік көмек:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға (10 тармақтың 1 тармақшасында көрсетілген адамдардан басқа);
жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттарына;
1941 жылғы 22 маусымнан – 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі аралықта кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген), Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанкештілікпен жасаған еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдармен марапатталмаған адамдарға";
10 тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"5) Мүгедектер күніне:
мүгедектерге және 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға бір реттік көмек";
10 тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"6) отбасыларға (азаматтарға) өмірлік қиын жағдай туындағаннан кейін үш айдан кешіктірмей жүгінген кезде, кірісіне қарамастан, жылына бір рет:
стационар жағдайда арнайы ем қабылдаудағы онкологиялық аурулармен ауыратын адамдарға әлеуметтік көмектің шекті шамасы 15 айлық есептік көрсеткіш;
отбасыларға (азаматтарға) өрт, басқа да табиғи және техногендік сипаттағы айрықша жағдайлардағы әлеуметтік көмектің шекті шамасы 30 айлық есептік көрсеткіш";
10 тармақтың 12) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"12) табысы күнкөріс деңгейінен аспайтын аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, 15 айлық есептік көрсеткіш әлеуметтік көмектің шекті шамасында, өтініш бойынша күнтiзбелiк жылда бір рет берілетін көмек";
10 тармақтың 13) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"13) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, көп балалы отбасыларға, ата-аналарының біріне (анасына немесе әкесіне, немесе қорғаншысына (қамқоршысына) және олардың 7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларына, өтініш берілген күніне қарамастан толық ағымдағы тоқсанға заттай түрінде тоқсан сайынғы көмек (Щучинск қаласында тұратын 1 адамға тоқсанына 126 дана мөлшерінде жол жүру талондары)";
10 тармақ келесі мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
"14) уәкілетті ұйымның тізімдері негізінде өтініш берусіз әлеуметтік көмек ұсынылады:
амбулаториялық емдеуде жүрген, туберкулезбен ауыратын адамдарға ай сайынғы ақшалай төлем түріндегі 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
адамның иммунитет тапшылығы вирусы инфекциясы бар балаларға жылына бір рет, 2 еселенген ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде";
10 тармақ келесі мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
"15) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға өмірлік қиын жағдай туындағаннан кейін алты айдан кешіктірмей жүгінген кезде, кірісіне қарамастан, жылына бір рет әлеуметтік көмектің шекті шамасы 15 айлық есептік көрсеткіш";
13 тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бурабай аудандық мәслихаттың LХ сессиясының төрағасы |
К.Шаяхметов |
Бурабай аудандық мәслихат хатшысы |
У.Бейсенов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Бурабай ауданының әкімдігі |