Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабының 2-тармағына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары | Р. Сыдыков |
Ақтөбе облысы әкімдігінің | |
2019 жылғы "____" _________ | |
№ _____ қаулысына қосымша |
Ақтөбе облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 187 "2013-2014 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3604 тіркелген, 2013 жылғы 16 шілдеде "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған).
2. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 280 "Облыс әкімдігінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 187 "2013-2014 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3644 тіркелген, 2013 жылғы 10 қыркүйекте "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған).
3. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 207 "2014-2015 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3962 тіркелген, 2014 жылғы 9 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
4. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 тамыздағы № 308 "Облыс әкімдігінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 207 "2014-2015 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4030 тіркелген, 2014 жылғы 16 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).