Ақтөбе қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 55 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Ақтөбе қаласы "Астана" ауданының Әділет басқармасында 2019 жылғы 11 қаңтарда № 3-1-226 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 4 мамырдағы № 1019 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-1-109 болып тіркелген, 2009 жылғы 21 мамырда "Ақтөбе" газетінде жарияланған) қаулысы;

      2) Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 5058 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы № 1019 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4705 тіркелген, 2016 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысы.

      2. "Ақтөбе қаласының әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркеу;

      2) осы қаулыны мерзімді баспасөз басылымдарында және Қазақстан Республикасының Эталондық бақылау банкінде ресми түрде жариялауға жіберу;

      3) осы қаулыны Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының басшысы С. Набиге жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі І. Испанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады