Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 14.09.2023 № 53 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Байғанин аудандық мәcлихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Байғанин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 214 "Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4821 санымен тіркелген, 2016 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. "Байғанин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаменінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Байғанин аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
Г. Елеуова |
Байғанин аудандық мәслихатының хатшысы |
Б. Турлыбаев |
"Келісілді" | |
Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы |
|
_________________________ К. Утаров | |
"____" _________________ 20__ ж. |
Байғанин аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 мамырдағы № 233 шешіміне қосымша | |
Байғанин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 214 шешімімен бекітілген |
Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидалары
1. Осы Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
1. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) ""Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалы, Байғанин аудандық бөлімі (бұдан әрі – уәкілетті ұйым);
2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
3) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Байғанин ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
4) ең төмен күнкөріс деңгейі – ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
8) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік–аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
3. Осы Қағидалар Байғанин ауданында тұрақты тұратын адамдарға қолданылады.
4. Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына "Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен және осы Қағидалармен белгіленген тәртіпте көрсетіледі.
5. Әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай–ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
7. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:
Жеңіс күні – 9 мамыр;
Мүгедектер күні – қазан айының екінші жексенбісі.
Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін облыстың ЖАО бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі және әлеуметтік көмектің мөлшерлері
8. Ай сайынғы әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай көрсетіледі:
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтерге, 8000 (сегіз мың) теңге мөлшерінде;
2) мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін мүгедек балалардың ата–аналарына немесе заңды өкілдеріне, білім беру кезеңіне бір мүгедек балаға, 1(бір) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
3) онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, адамның иммуножетіспеушілік вирусы инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға, ай сайын ұсынылатын "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Байғанин аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны берген тізімдерге сәйкес, жылына алты айға дейінгі амбулаториялық ем алу мерзіміне 10 (он) айлық есептiк көрсеткіш мөлшерінде;
Әлеуметтік көмек, егер жоғарыда аталған тұлғалар толық мемлекет қарауында болмаған жағдайда көрсетіледі.
9. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, не оның мүлкіне зиян келтіру нәтижесінде келтірілген шығындарға байланысты төмендегі мөлшерде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне 150 000 (жүз елу мың) теңгеге дейінгі шекте;
2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға 100 000 (жүз мың) теңгеге дейінгі шекте;
3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына 80 000 (сексен мың) теңгеге дейінгі шекте;
4) зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға 60 000 (алпыс мың) теңгеге дейінгі шекте;
5) мүгедектерге, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдарға, 60 000 (алпыс мың) теңгеге дейінгі шекте;
6) саяси қуғын–сүргін құрбандары, саяси қуғын–сүргіндерден зардап шеккен адамдарға 50 000 (елу мың) теңгеге дейінгі шекте;
7) көп балалы отбасыларға 140 000 (жүз қырық мың) теңгеге дейінгі шекте;
8) жетім балаларға, ата–анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйінің түлектеріне 60 000 (алпыс мың) теңгеге дейінгі шекте;
9) аз қамтылған азаматтарға 140 000 (жүз қырық мың) теңгеге дейінгі шекте;
10) онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, адамның иммуножетіспеушілік вирусы инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға 80 000 (сексен мың) теңгеге дейінгі шекте.
10. Өмірлік қиын жағдайлардағы азаматтарға, егер жолыққан сәттің алдындағы тоқсанда отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы Ақтөбе облысы бойынша төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен 1- еседен аспаса әлеуметтік көмек көрсетіледі (кірісі есептелмей әлеуметтік көмек көрсетілетін Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерін қоспағанда).
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, әлеуметтік көмек олардың табысын есепке алмай көрсетіледі.
Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаж азаматтардың санаттарының қатарына жатқызу үшін төмендегілер негiздеме болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген негіздемелер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурудың болуы;
3) жан басына шаққандағы орташа табыстың, өмірлік қиын жағдай туындауына байланысты біржолғы әлеуметтік көмек тағайындау барысында ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1- еселік мөлшерінен аспауы.
11. Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан өмірлік қиын жағдайлар туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініштерді қарау мерзімі:
өмірлік қиын жағдайлар туындаған сәттен бастап алты айдан кеш емес.
12. Атаулы күндер мен мерекелік күндерге табыстарын есепке алмай біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:
Жеңіс күніне орай:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;
2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде;
3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерiнде;
4) мемлекеттік арнайы жәрдемақы алатын 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде алты ай әскери қызмет өткерген және тылда жұмыс жасаған азаматтарға 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерiнде;
5) мүгедек деп танылмаған, екінші рет некеге отырмаған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың әйелдеріне (күйеулеріне) 25 000 (жиырма бес мың) теңге мөлшерiнде;
6) қайтыс болған ауғандық жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне 25 000 (жиырма бес мың) теңге мөлшерiнде;
7) Мүгедектер күніне орай мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедектерге 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерiнде.
13. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3. Әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі
14. Атаулы күндер мен мерекелік күндері әлеуметтік көмек алушылардан өтініш талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ЖАО бекіткен тізімі бойынша көрсетіледі.
Азаматтардың кейбір санаттарының әр түрлі атаулы күндер мен мерекелік күндері (санатына байланысты) әлеуметтік көмек алуға құқығы болған жағдайда әлеуметтік көмектің бір түрі көрсетіледі (көлемі бойынша үлкені).
15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауылдық округтің әкіміне мынадай құжаттарды қоса жалғай отырып өтініш береді:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігін растайтын құжат;
3) осы Қағидалардың 1 қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтер;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акті немесе құжаттар.
16. Осы Қағидалардың 8 тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген адамдарға өтініштері талап етілмей көрсетіледі, 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 "Әлеуметтік - еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес көрсетіледі.
17. Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
18. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш келiп түскен кезде уәкiлеттi орган немесе ауылдық округтiң әкiмi бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн учаскелiк комиссияға жiбередi.
19. Учаскелiк комиссия, құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша осы Қағидалардың 2, 3 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе ауылдық округ әкiмiне жiбередi.
Ауылдық округ әкiмi учаскелiк комиссияның актiсi мен қорытындысын алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде оларды қоса берiлген құжаттармен уәкілетті органға жiбередi.
20. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.
21. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкілетті орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
22. Уәкiлеттi орган учаскелiк комиссиядан немесе ауылдық округ әкiмiнен өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi және құжаттардың толық пакетiн арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
23. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.
24. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға қажеттi құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
Осы Қағидалардың 20 және 21 тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе ауылдық округтiң әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
25. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;
2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн Байғанин аудандық мәслихаты белгiлеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
26. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетiнде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.
4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер
27. Әлеуметтiк көмек келесі жағдайларда тоқтатылады:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы Байғанин ауданы аумағынан тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттiк медициналық–әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;
4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталғанда.
Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
28. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
5. Қорытынды ереже
29. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е–собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң немесе "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзіледі.
Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларына 1 қосымша |
Отбасыны тіркеу нөмірі ____________
Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер _________________________ ________________________ (Өтініш берушінің Т.А.Ә.) (үйінің мекенжайы, тел.)
Р/с | Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә. | Өтініш берушіге туыстық қатынасы | Туған жылы |
Өтініш берушінің қолы __________________ Күні ______________
Отбасының құрамы туралы мәліметтерді куәландыруға уәкілетті органның лауазымды адамының Т.А.Ә. _____________________
(қолы)
Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларына 2 қосымша |
Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТІСІ
20__ ж. "___"_______ _____________________
(елді мекен)
1.Өтініш берушінің Т.А.Ә. ___________________________________________________
2. Тұратын мекенжайы ______________________________________________________
__________________________________________________________________________
3. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған өмірлік қиын жағдай __
__________________________________________________________________________
4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) _____ адам, оның ішінде:
Р/с | Т.А.Ә. | Туған күні | Өтініш берушіге туыстық қатынасы | Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны) | Жұмыспен қамтылмау себебі | Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер | Өмірлік қиын жағдай |
Еңбекке жарамды барлығы _________________________________ адам.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері ____ адам.
Балалардың саны: ______________________________________________
жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар __ адам, оқу құны жылына __ теңге.
Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек) _______________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше – көрсету керек): ______________________________________________________________________
Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар: ______________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Отбасының табысы:
Р/с | Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә. | Табыс түрі | Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге) | Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер | |
тоқсанға | орта есеппен айына | ||||
6. Мыналардың:
автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)______________________________________
________________________________________ қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) _____________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі): _________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі): ________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі ____
________________________________________________________________________
10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы __________________
__________________________________________________________________________
Комиссия төрағасы: __________________________ _____________________________
Комиссия мүшелері: __________________________ _____________________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Жасалған актімен таныстым: ____________________________________
Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы
Тексеру жүргізілуден бас тартамын _____________ өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә. және қолы, күні
_____________________________________________________________________
(өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)
Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларына 3 қосымша |
Учаскелік комиссияның № ____ қорытындысы 20__ ж. ___ ______
Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)____________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде ____________________________________________________________________
(қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)
адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады
Комиссия төрағасы: __________________ _______________________
Комиссия мүшелері: __________________ _______________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Қорытынды
қоса берілген құжаттармен ___ данада 20__ ж. "___" ___________ қабылданды
Құжаттарды қабылдаған ауылдық округ әкімінің немесе уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы __________