Ескерту. 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - осы қаулының 4 тармағымен.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 8) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы", Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген бұйрығына сәйкес, Байғанин аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2020 жылға Байғанин ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Байғанин ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Байғанин ауданының әкімі |
К. Утаров |
Байғанин аудандық әкімдігінің | |
2019 жылғы 24 желтоқсандағы | |
№ 324 қаулысына қосымша |
2020 жылға Байғанин ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота
№ | Ұйымдардың атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квота мөлшері (жұмыскерлердің орташа тізімдік санынан %) | Жұмыс орындарының саны (бірлік) |
1 | "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Байғанин аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны | 50 | 2% | 1 |
2 | "Байғанин" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны | 31 | 2% | 1 |
3 | "Тау Стандарт Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 15 | 2% | 1 |
4 | "Байғанин көлік" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 15 | 2% | 1 |
5 | "Адам" шаруа қожалығы | 5 | 2% | 1 |
6 | "Ерлан-Нұр" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 7 | 2% | 1 |
7 | "Мерей и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 36 | 2% | 1 |
8 | "Тәжімбай" шаруа қожалығы | 5 | 2% | 1 |
9 | "Ғибрат" кафесі | 5 | 2% | 1 |
10 | "Ақбота" кафесі | 5 | 2% | 1 |