Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына, сәйкес, Қобда ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жер учаскесi арқылы жаяу немесе көлiкпен өту, су алу және суат, мал айдап өтуүшін, Қобда ауданының Жарсай ауылдық округі Ақсай ауылының аумағында орналасқан "Утепберген" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі жалпы алаңы 500 гектар жер учаскелерін алып қоймастан, 5 (бес) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Қобда ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін, Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
АУДАН ӘКІМІ | М. Шермаганбет |