Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Аққұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аққұдық ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 1 "Аққұдық ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-8-70 тіркелген, 2009 жылғы 7 қаңтардағы "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспесі келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Аққұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
2. "Аққұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Мәртөк ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аққұдық ауылдық округінің әкімі | Қ. Отаралин |