Ойыл ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 71 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 23 сәуірде № 6111 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 206 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 22.12.2020 № 206 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі!
Қаулы 01.01.2020 басап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 529 бабының 6 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ойыл ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Ойыл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны Ойыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ойыл ауданы әкімінің орынбасары А.Кенжебаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Д. Сагиров
      КЕЛІСІЛДІ:
"Ойыл ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
16 сәуір 2019 жыл
Б. Майланов

  Ойыл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 сәуір № 71 қаулысына қосымша

Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері

Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жері

Аймақ коэффициенті


Ойыл ауданы



Ойыл ауылдық округі


1

Ойыл ауылы

2,6

2

Екпетал ауылы

2,5

3

Ақшатау ауылы

2,5

4

Қаракемер ауылы

2,5


Көптоғай ауылдық округі


5

Көптоғай ауылы

2,5

6

Қарасу ауылы

2,5

7

Шұбарши ауылы

2,4

8

Аманкелді ауылы

2,4


Қараой ауылдық округі


9

Қараой ауылы

2,5

10

Құбасай ауылы

2,4


Сарбие ауылдық округі


11

Сарбие ауылы

2,5

12

Қаракөл ауылы

2,4


Қайыңды ауылдық округі


13

Ақжар ауылы

2,5

14

Көсембай ауылы

2,4


Ш. Берсиев атындағы ауылдық округі


15

Қаратал ауылы

2,5

16

Қарасу ауылы

2,4

17

Құмжарған ауылы

2,4


Саралжын ауылдық округі


18

Кемер ауылы

2,5

19

Шиқұдық ауылы

2,4

20

Қоңырат ауылы

2,4

21

Ақкемер ауылы

2,4

22

Бестамақ ауылы

2,4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады