Ойыл ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 6 маусымдағы № 306 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 13 маусымда № 6251 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 тамыздағы № 423 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 17.08.2020 № 423 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ойыл ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері бекітілсін.

      2. "Ойыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбеоблысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді Қазақстан Республикасынормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді Ойылаудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы: Ж. Хамзин
      Аудандық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы: А.К. Мамбетова

  Ойыл аудандық мәслихаттың
  2019 жылғы 6 маусымдағы № 306
  шешімімен бекітілген

Ойыл ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері

1. Жалпы ережелер

      1. Ойыл ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (әрі қарай – әлеуметтік қолдау) көрсетіледі.

      2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті органмен – "Ойыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (әрі қарай – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.

      3. Өтінішті қабылдау және әлеуметтік қолдауды көрсету нәтижесін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) көрсетілетін қызметті беруші;

      3) тұрғылықты жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші болмаған жағдайда ауылдық округ әкімі арқылы жүзеге асырылады.

2. Әлеуметтік қолдау қөрсету тәртібі

      4. Әлеуметтік қолдау көрсетудің мерзімі:

      1) Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні;

      тұрғылықты жері бойынша ауылдық округтің әкіміне құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні әлеуметтік қолдау көрсету мерзіміне кірмейді.

      5. Жеке тұлға (немесе оның нотариалдық сенімхатпен расталған өкілі) (әрі қарай – көрсетілетін қызметті алушы) әлеуметтік қолдауды алу үшін еркін нысанда жазылған өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

      көрсетілетін қызметті берушіге, ауылдық округ әкіміне не Мемлекеттік корпорацияға:

      1) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін қажет);

      2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімдерінің анықтамасы);

      3) жұмыс орнынан анықтама;

      4) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда дербес шоты бар екенін растайтын құжат.

      6. Әлеуметтік қолдауды көрсетуден бас тартуға негіз болады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы 5 тармақта көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы;

      2) өтініш беруші берген мәліметтердің жалған болуы немесе берілген құжаттардың сәйкес келмеуі;

      3) лауазымдарды біріктірген кезде негізгі жұмыс орны бойынша әлеуметтік қолдау алушының лауазымы әлеуметтік қолдауға құқық беретін лауазымдар тізіліміне сәйкес келмеуі.

3. Әлеуметтік қолдау қөрсету мөлшері

      7. Мамандарға әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады