Алматы облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

Жаңа

Алматы облыстық мәслихатының 2019 жылғы 25 шілдедегі № 50-255 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 26 шілдеде № 5212 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алматы облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы облыстық мәслихатының "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымын, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облыстық мәслихаты сессиясының төрағасы Т. Ботабеков
      Алматы облыстық мәслихатының хатшысы С. Дүйсембінов

  Алматы облыстық мәслихатының 2019 жылғы "____"___________ № _____ шешіміне қосымша

Алматы облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі

      1. Алматы облысы бойынша тұрғын үй сертификаттары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бекітілген ипотекалық бағдарламалары және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып, азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді меншігіне сатып алу үшін бастапқы жарнасының 50%, бірақ 1 000 000 (бір миллион) теңгеден аспайтын мөлшерді құрайды.

      2. Алматы облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылардың жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бекітілген ипотекалық бағдарламалары және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламалары талаптарына сәйкес келетін Алматы облысының аудан (қала) әкімдіктерінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарда еңбек қызметін жүзеге асыратын, білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлер, денсаулық сақтау ұйымдарындағы медицина қызметкерлері, Алматы облысы аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабында көрсетілген азаматтар санаттары жатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады