Талдықорған қаласының елді мекендерінің Өтенай және Еркін ауылдық округтерінің шекараларын (шегін) белгілеу туралы

Жаңа

Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2019 жылғы 5 желтоқсандағы № 338 шешімі және Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 5 желтоқсандағы № 554 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 12 желтоқсанда № 5328 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Талдықорған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округінің шекарасы (шегі) алаңдарда белгіленсін:

      - Еркін ауылының шекарасы (шегі) жалпы алаңы 741,0 га белгіленсін;

      - 3-ші бөлімше ауылының шекарасы (шегі) жалпы алаңы 16,0 га белгіленсін.

      2. Көрсетілген шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округінің шекарасы (шегі) алаңдарда белгіленсін:

      - Өтенай ауылының шекарасы (шегі) жалпы алаңы 907,0 га белгіленсін;

      - Ынтымақ ауылының шекарасы (шегі) жалпы алаңы 510,0 га белгіленсін;

      - Пригородное ауылының шекарасы (шегі) жалпы алаңы 22,0 га белгіленсін;

      - Еңбек ауылының шекарасы (шегі) жалпы алаңы 176,0 га белгіленсін;

      - Мойнақ ауылының шекарасы (шегі) жалпы алаңы 127,0 га белгіленсін;

      3. "Талдықорған қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Р. С. Бершінбеков) жер-есебі құжаттарына қажетті өзгерістерді енгізсін.

      4. Осы бірлескен шешімнің және қаулының орындалуын бақылау қалалық мәслихат аппаратының басшысы Т. К. Бигужановқа және қала әкімінің орынбасары С. А. Байназаровқа жүктелсін.

      5. Осы бірлескен шешім мен қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талдықорған қалалық мәслихатының
      сессиясының төрағасы Ж. Нурлыбаева
      Талдықорған қалалық
      мәслихатының хатшысы Т. Ахажан
      Қала әкімі Г. Абдраймов

  Талдықорған қалалық мәслихатының 2019 жылғы "___" ____________ № ____ бірлескен шешіміне және Талдықорған қаласы әкімдігінің 2019 жылғы "___" ___________ № ____ қаулысына № 1 қосымша

Еркін ауылдық округтері жерлерінің экспликациясы

Еркін ауылдық округі

Алаңы, га

1

Еркін ауылы

741,00

2

3-ші бөлімше

16,00


Барлығы

757,00

  Талдықорған қалалық мәслихатының 2019 жылғы "___" ____________ № ____ бірлескен шешіміне және Талдықорған қаласы әкімдігінің 2019 жылғы "___" ___________ № ____ қаулысына № 2 қосымша

Өтенай ауылдық округтері жерлерінің экспликациясы

Өтенай ауылдық округі

Алаңы, га

1

Өтенай ауылы

907,00

2

Ынтымық ауылы

510,00

3

Пригородное ауылы

22,00

4

Еңбек ауылы

176,00

5

Мойнақ ауылы

127,00


Барлығы

1742,00


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады