Қапшағай қаласының көп балалы аналарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы

Жаңа

Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 6 қыркүйектегі № 566 қаулысы және Алматы облысы Қапшағай қалалық мәслихатының 2019 жылғы 6 қыркүйектегі № 55-05 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 16 қыркүйекте № 5231 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес Қапшағай қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жеңілдік құқығын растайтын құжаты болған кезде қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) тегін жол жүру Қапшағай қаласының келесі санаттағы азаматтарына белгіленсін:

      - "Алтын алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналар ;

      - "Күміс алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналар;

      - "Батыр ана" атағын бұрын алған көп балалы аналар ;

      - I және II дәрежелі "Ана даңқы" орденімен наградталған көп балалы аналар;

      - бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көп балалы аналарға.

      2. Қаржыландыру көзі болып Қапшағай қаласының жергілікті бюджеті белгіленсін.

      3. Осы бірлескен қаулының және шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары И.С. Сугуровке және қалалық мәслихат депутаты Б.А. Абеновке жүктелсін.

      4. Осы бірлескен қаулы және шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қапшағай қаласының әкімі Т. Кайнарбеков
      Қапшағай қалалық мәслихаты сессиясының төрағасы Ю. Донская
      Қапшағай қалалық мәслихатының хатшысы К. Ахметтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады