Жамбыл ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың тәртiбi мен схемаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 11 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 1 ақпанда № 5044 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 261 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 16.10.2020 № 261 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 3-тармағының 3-1) тармақшасына, "Автомобиль көлігі мен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 тіркелген) сәйкес, Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жамбыл ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың тәртiбi осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.

      2. Жамбыл ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемалары осы қаулының 2-11-қосымшаларына сәйкес бекiтiлсiн.

      3. Жамбыл ауданы әкімдігінің "Жамбыл ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі мен схемаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 25 тамыздағы № 596 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3448 тіркелген, 2015 жылғы 21 қазанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Далабаев Адилбек Камбаровичке жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл ауданының әкімі Б. Алиев

  Жамбыл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "23" қаңтардағы № 11 қаулысына 1-қосымша

Жамбыл ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың тәртібі

1. Жалпы ережелер

      1. Жамбыл ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың осы тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) "Автомобиль көлiгi туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына, сондай-ақ "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 26 наурыздағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 тіркелген) сәйкес әзірленген (бұдан әрі – Қағидалар).

2. Балаларды тасымалдау тәртібі

      2. Балаларды тасымалдау осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен және әрбiр балаға отыратын жеке орын берiле отырып жүзеге асырылады.

      3. Балаларды тасымалдау үшiн бөлiнген автобустардың техникалық жай-күйi, техникалық қызмет көрсету өткiзудiң көлемдерi мен мерзiмдерi, жабдықтары Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген талаптарға жауап беруi тиiс.

      4. Автобуспен тасымалданатын балалар мен ересектердiң жалпы саны осы көлiк құралы үшiн белгiленген және отыру үшiн жабдықталған орындардың санынан аспайды.

      5. Балаларды тасымалдау бойынша қызмет көрсетуге тапсырыс берушi (бұдан әрі – тапсырыс берушi) балаларды арнайы тасымалдауды ұйымдастыруға жауапты заңды немесе жеке тұлғалар болуы мүмкiн.

      6. Тапсырыс берушi оларға ұқсас қызмет көрсету мүмкiндiгi ұсынылған жағдайда тасымалдаушының функцияларын дербес орындауы мүмкiн.

      Бұл жағдайда тапсырыс берушi Қағидалардың тасымалдаушыларға қатысты талаптарын орындайды.

      7. Автобустармен балаларды тасымалдауды балаларды тасымалдау бойынша қызмет көрсетуге тапсырыс берушiнiң жазбаша өтiнiмдерi негiзiнде тасымалдаушылар жүзеге асырады.

      8. Өтiнiмде балаларды тасымалдау күнi (күндерi), уақыты, олардың саны мен жасы, жол жүру маршруты (бастапқы, соңғы және аралық пунктiлер), отырғызу және түсiру орындары, тегi, аты, әкесiнiң аты және балалардың тасымалдауын ұйымдастыруға жауаптының лауазымы және әрбiр автобус бойынша ерiп жүретiн ересек көрсетiледi.

      Тапсырыс берушi меншiктi көлiгiн тапсырылған автобустарға қосымша бөлу жағдайында тасымалдауға арналған көлiк бiрлiгiнiң бөлiнетiн саны көрсетiледi.

      Өтiнiмге тапсырыс берушi ұйымның басшысы немесе оның орынбасары қол қояды.

      9. Тапсырыс берушi тасымалдауды орындау алдында бұйрықпен балалардың тасымалдауын ұйымдастыру туралы шешiмдi ресiмдейдi, онда лауазымды адамдардың, топтар басшыларының, бiрге ерiп жүрушiлердiң мiндеттерi, маршруты, мезгiлдерi, дайындау және жол жүрудi өткiзу тәртiбi, балалардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралар регламенттелiнедi.

      10. Оқу орындарына тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушы жергiлiктi атқарушы органдармен және оқу орындарының әкiмшiлiгiмен бiрлесiп маршруттарды және балаларды отырғызудың және түсiрудiң ұтымды орындарын белгiлейдi.

      11. Автобусты күтiп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүрiс бөлiгiне шығуын болдырмайтындай жеткiлiктi үлкен болуы тиiс.

      Алаңдарда жайластырылған өту жолдары болуы және жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерінен бөлек орналасуы тиіс.

      Егер балаларды тасымалдау тәуліктің қараңғы мезгілінде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиіс.

      Күзгі-қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кірден тазартылуы тиіс.

      12. Балаларды оқу орындарына тасымалдауға тапсырыс берушi балаларды отырғызу және түсiру орындарының жай-күйiн тұрақты түрде (айына кемiнде бiр рет) тексередi.

      13. Балалардың топтарын көрiнiм жеткiлiксiз жағдайда (тұман, қар жауған, жаңбыр және басқалары), сондай-ақ 22:00-ден бастап 06:00 сағатқа дейiн автобустармен тасымалдауға жол берілмейді.

      Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсызөзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда тасымалдаушы рейстi алып тастауға және бұл туралы тапсырыс берушiге дереу хабарлауға тиiс.

      14. Автобустардың қозғалыс кестесін тасымалдаушы мен тапсырыс беруші келіседі.

      Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруі кезінде, басқа жағдайлар кезінде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергілердің көрінуі, бұл жағдайда жүргізуші кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетілген болуы тиіс. Кестенің өзгеруі туралы тасымалдаушы тапсырыс берушіге хабарлауы тиіс, ол балаларды дер кезінде хабарландыру бойынша шаралар қабылдайды.

      15. Тапсырыс берушi балаларды тасымалдайтын әрбiр автобусқа балалармен оларды жеткiзу орнына дейiн алып жүретiн, тапсырыс берушi-ұйым қызметкерлерiнiң немесе ата-аналарының iшiнен жауаптыларды белгiлейдi (мектепке, өзге бiлiм беру ұйымдарына балаларды тұрақты тасымалдауды жүзеге асырған кезде жауапты ретiнде ерiп жүрушiлер үшiн арнайы нұсқама алған жоғары сынып оқушыларын белгiлеуге жол берiледi).

      16. Балалырды жаппай тасымалдауды және балаларды алыс қашықтықтарға тасымалдауды тасымалдаушы, балаларды оқытушылар немесе арнайы тағайындалған ересек адамдар (15 балаға бір ересек адам) алып барған жағдайда ғана орындалуы мүмкін.

      17. Балаларды жаппай тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде тасымалдаушы тапсырыс берушiден патрульдiк автомобильдi лектерге iлесiп жүруге бөлу туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің аумақтық бөлімшелерінің (бұдан әрі – ӘПК) міндетті белгілеу бар жазбаша өтiнiмдi ұсынады. Аталған белгісiз автобустар тапсырыс берушiге ұсынылмайды. Өз кезегiнде тасымалдаушы балаларды жаппай тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде, сондай-ақ маршруттың қозғалысын бақылауды күшейту бойынша шаралар қолдану үшiн ӘПК-ні хабардар етедi.

      18. Балаларды жаппай тасымалдауға және алыс жерлерге балаларды тасымалдауға дайындық кезiнде тасымалдаушы тапсырыс берушiмен бiрлесiп балалардың жиналу пунктiнде және келу пунктiнде автобустардың аялдауы үшiн алаңшалардың болуын, отырғызу алаңшаларының болуын тексередi. Отырғызу және түсiру орындары автобус тұрағынан кемiнде 30 метр қашықтықта орналасуы тиiс.

      19. Балаларды жаппай тасымалдау үшiн автобустарды бөлу кезiнде тасымалдаушы лектердiң үлкенiн тағайындауға (үш және одан да көп автобус кезiнде көлiк құралдарының қозғалыс қауiпсiздiгiне немесе пайдалануға жауапты адамдардың санынан, ал екi автобус кезiнде – осы автобустардың жүргiзушiлерiнiң санынан, үлкенi болып тағайындалған жүргiзушiнiң автобустарда кемiнде 5 жыл жұмыс өтiлi болуы тиiс) тиiс.

      20. Балаларды алып жүруi үшiн тапсырыс берушi белгiлеген адамдар балаларды автобуспен тасымалдау қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша арнайы нұсқама алады.

      21. Нұсқаманы жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге немесе тасымалдаушыға тиесiлi көлiк құралдарын пайдалануға жауапты адам жүргiзедi.

      22. Балаларды тасымалдау үшiн мынадай жүргiзушiлерге рұқсат етiледi:

      1) жасы жиырма бес жастан кем емес, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және жүргiзушiнiң бес жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар;

      2) автобустың жүргiзушiсi ретiндегi кемiнде соңғы үш жыл үздiксiзжұмыс өтiлi бар;

      3) соңғы жылдары еңбек тәртiбiн және қозғалысы ережесiн өрескел бұзбаған.

      Балаларды тасымалдауға жiберген ұйымдағы жүргiзушiнiң жұмыс өтiлi үш жылдан кем болмауы тиiс.

      Сыйымдылығы 41 орынды автобустармен балаларды тасымалдауға тағайындалған, сондай-ақ қалааралық қатынастағы балаларды басқа да тасымалдаудағы жүргiзушiлердiң автобустардағы жұмыс өтiлi кемiнде 5 жыл болуы тиiс.

      23. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне рұқсат етілмейді:

      1) сағатына 60 киломметрден артық жылдамдықпен жүруге;

      2) жүру маршрутын өзгертуге;

      3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;

      4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;

      5) автомобиль легiнде жүру кезiнде алда жүрген автобусты басып озуға;

      6) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;

      7) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралынқалдыруға.

      24. Балаларды тасымалдауды жүзеге асыратын жүргiзушiлер балаларды отырғызу (түсiру) және бағыт бойынша қозғалу кезiнде автобус бойынша ерiп жүрушiлердiң нұсқауларын орындайды, егер олар жол қозғалысы ережелерiне, осы Қағидалар талаптарына, жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң өзге де талаптарына қайшы келмесе және егер осы нұсқаулар ерiп жүрушiлердiң құзыретi аясына кiретiн болса (балалардың тәртiбi, олардың денсаулығы және қауiпсiздiгi).

      25. Ерiп жүрушiлер автобусқа отырғызу және одан түсiру, автобус қозғалысы кезiнде, аялдау уақытында балалар арасында тиiстi тәртiптi қамтамасыз етеді.

      26. Балаларды автобусқа отырғызу ерiп жүрушiнiң басшылығымен және жүргiзушiнiң бақылауымен (жаппай тасымалдаған кезде одан басқа тасымалдауды ұйымдастыруға жауаптының байқауымен) автобус толық тоқтағаннан кейін отырғызу алаңында жүргізіледі.

      Көлік құралы жақындаған кезде еріп жүрушілер балалардың оның алдынан жүгіріп шығуына, жүру бөлігінің шетінде топтануына жол бермейді.

      27. Ерiп жүрушiлер балаларды отырғызу орнына ұйымдасқан тәртiпте (кiшi балаларды – екi-екiден сапқа тұрғызып) жеткiзедi. Отырғызу автобустың алдыңғы есiгi арқылы жүргiзiледi.

      28. Ерiп жүрушi отырғызу (түсiру) аяқталғаны туралы хабар бергеннен және автобус есiктерi толық жабылғаннан кейiн жүргiзушiге отырғызу (түсiру) орнынан автобус қозғалысын бастауға рұқсат етiледi.

3. Корытынды

      29. Шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау осы тәртібімен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттелінеді.

  Жамбыл ауданының әкімдігінің 2019 жылғы "23" қаңтардағы № 11 қаулысына 2-қосымша

Көкдала шалғайдағы елді мекенде тұратын балаларды Ақсенгір ауылындағы орта мектепке тасымалдаудың СХЕМАСЫ

     


  Жамбыл ауданының әкімдігінің 2019 жылғы "23" қаңтардағы № 11 қаулысына 3-қосымша

Сүт товар фирмасы-3 ықшам ауданындағы шалғайдағы елді мекенде тұратын балаларды Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы орта мектепке тасымалдаудың СХЕМАСЫ

     


  Жамбыл ауданының әкімдігінің 2019 жылғы "23" қаңтардағы № 11 қаулысына 4-қосымша

Бұлақ шалғайдағы елді мекенде тұратын балаларды Дегерес ауылындағы О. Әубәкіров атындағы орта мектепке тасымалдаудың СХЕМАСЫ

     


  Жамбыл ауданының әкімдігінің 2019 жылғы "23" қаңтардағы № 11 қаулысына 5-қосымша

Бірлік шалғайдағы елді мекенде тұратын балаларды Саурық батыр ауылындағы орта мектепке тасымалдаудың СХЕМАСЫ

     


  Жамбыл ауданының әкімдігінің 2019 жылғы "23" қаңтардағы № 11 қаулысына 6-қосымша

Қызылсоқ шалғайдағы елді мекенде тұратын балаларды Қарасай ауылындағы орта мектепке тасымалдаудың СХЕМАСЫ

     


  Жамбыл ауданының әкімдігінің 2019 жылғы "23" қаңтардағы № 11 қаулысына 7-қосымша

Үшбұлақ шалғайдағы елді мекенде тұратын балаларды Қарақастек ауылындағы Сүйінбай атындағы орта мектепке тасымалдаудың СХЕМАСЫ

     


  Жамбыл ауданының әкімдігінің 2019 жылғы "23" қаңтардағы № 11 қаулысына 8-қосымша

Жаманты шалғайдағы елді мекенде тұратын балаларды Ақтерек ауылындағы орта мектепке тасымалдаудың СХЕМАСЫ

     


  Жамбыл ауданының әкімдігінің 2019 жылғы "23" қаңтардағы № 11 қаулысына 9-қосымша

Қоғамшыл шалғайдағы елді мекенде тұратын балаларды Шиен ауылындағы орта мектепке тасымалдаудың СХЕМАСЫ

     


  Жамбыл ауданының әкімдігінің 2019 жылғы "23" қаңтардағы № 11 қаулысына 10-қосымша

Кеңсай-1, Кеңсай-2 шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды Сұңқар ауылындағы орта мектепке тасымалдаудың СХЕМАСЫ

     


  Жамбыл ауданының әкімдігінің 2019 жылғы "23" қаңтардағы № 11 қаулысына 11-қосымша

Жартас шалғайдағы елді мекенде тұратын балаларды Таңбалытас ауылындағы орта мектепке тасымалдаудың СХЕМАСЫ

     


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады