Жаңашар ауылдық округінің Космос, Базаркелді ауылдарындағы көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Жаңашар ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 7 қазандағы № 10-38 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 9 қазанда № 5282 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жаңашар ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 26 маусымдағы қорытындысы негізінде, Еңбекшіқазақ ауданы, Жаңашар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жаңашар ауылдық округінің келесі көшелері қайта аталсын:

      1) Космос ауылында орналасқан "Ленин" көшесі "Тәуелсіздік" көшесіне, "Школьная" көшесі "Жастар" көшесіне, "Северная" көшесі "Желтоқсан" көшесіне, "Южная" көшесі "Жетісу" көшесіне, "Октябрьская" көшесі "Алатау" көшесіне, "Мира" көшесі "Бейбітшілік" көшесіне, "Первомайская" көшесі "Бірінші мамыр" көшесіне, "Новосельская" көшесін "Шаңырақ" көшесіне, "Набережная" көшесі "Көлді" көшесіне;

      2) Базаркелді ауылында орналасқан "Центральная" көшесі "Достық" көшесіне, "Октябрьская" көшесі "Бірлік" көшесіне, "Новосельская" көшесі "Жеңіс" көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңашар ауылдық округінің әкімі Ж. Кураметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады