Көктөбе ауылдық округінің Көктөбе, Алмалы, Төле би ауылдарындағы көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 13 қарашадағы № 52 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 13 қарашада № 5299 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Көктөбе ауылдық округінің халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2018 жылдың 26 қыркүйектегі қорытындысы негізінде, Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Көктөбе ауылдық округінің Көктөбе ауылындағы "Киров" көшесі "Рақымжан Қошқарбаев" көшесіне, "Садовая" көшесі "Тұманбай Молдағалиев" көшесіне, "Логовая" көшесі "Ыбырай Алтынсарин" көшесіне;

      Алмалы ауылындағы "Новая" көшесі "Наурыз" көшесіне;

      Төле би ауылындағы "Комсомольская" көшесі "Алаш Орда" көшесіне, "Подгорная" көшесі "Алатау" көшесіне, "Алматинская" көшесі "Алматы" көшесіне, "Ленин" көшесі "Наурызбай батыр" көшесіне, "Калинин" көшесі "Әлихан Бөкейханов" көшесіне, "Экспериментальная" көшесі "Қартабұлақ" көшесіне, "Мичурин" көшесі "Бауыржан Момышұлы" көшесіне, "Советская" көшесі "Түркістан" көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Көктөбе ауылдық округінің әкімі Б. Джасыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады