Түрген ауылдық округінің Түрген ауылындағы көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 22 қаңтардағы № 02 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 25 қаңтарда № 5042 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Түрген ауылдық округінің Түрген ауылының халқының пікірін ескере отырып және 2018 жылдың 26 наурыздағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түрген ауылдық округінің Түрген ауылындағы "Свердлов" көшесі "Жетісу" көшесіне, "Чапаев" көшесі "Алтын адам" көшесіне, "Мельничная" көшесі "Бәйтерек" көшесіне, "Школьная" көшесі "Мәңгілік ел" көшесіне, "Строительная" көшесі "Тәуелсіздік" көшесіне, "Мира" көшесі "Бейбітшілік" көшесіне, "40 лет Победы" көшесі "Астана" көшесіне, "Титов" көшесі "Алтын ғасыр" көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Б. Елеусізова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады