"Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Іле ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Іле ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Іле ауданы әкімінің орынбасары А. Сатибаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Б. Карасаев |
Іле ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 13 желтоқсаны № 474 қаулысына қосымша |
Іле ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:
1) алғыс жариялау;
2) грамотамен марапаттау;
3) ақшалай сыйлықақы беру.
2. Іле ауданының Полиция басқармасының ұсынысы бойынша, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Іле ауданының әкімдігімен құрылған комиссиямен қаралады.
3. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.
4. Көтермелеу түрлері, соның ішінде ақшалай сыйақы мөлшері, көтермеленушінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескеріле отыра, әдетте 10 есе айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, комиссиямен белгіленеді.
5. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін комиссия қабылдайтын шешімге сәйкес, қосымша Іле ауданының Полиция басқармасы бастығының бұйрығы шығарылады.