Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімінің 2019 жылғы 27 ақпандағы № 1 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 ақпанда № 4130 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 3 тармағына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 4-бабының 3-тармағы 2) тармақшасына және 48 бабына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, Жамбыл облысының төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою жөніндегі жедел штабтың 2019 жылғы 27 ақпандағы №3 хаттамасының негізінде, Тараз қаласы, "Мыңбұлақ" (9) шағын ауданы, №62 көппәтерлі тұрғын үйде қалыптасқан жағдайға байланысты тұрғындардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында, Тараз қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тараз қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Тараз қаласы әкімінің орынбасары Б.Жанбосынов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары Б.Жанбосыновқа жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ғ. Әбдірайымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады