"Тараз қаласында 2019 жылға арналған орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Тараз қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 21 ақпандағы №524 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Тараз қаласысының әкімдігінің 2019 жылғы 13 қарашадағы № 3939 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 қарашада № 4406 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-3) тармақшасына және 62 бабының 6-1 тармағына сәйкес, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тараз қаласында 2019 жылға арналған орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Тараз қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 21 ақпандағы № 524 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4114 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 28 ақпанында жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны Тараз қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары К. Олжабайға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім К. Досаев

  Тараз қаласы әкімдігінің
2019 жылғы ___________
№___ қаулысына қосымша

Тараз қаласында 2019 жылға орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы

Атауы

Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы

Білім алушылардың саны

Бір оқушыға жумсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны ( тенге)

1-4
сыныптар

5-9
сыныптар

10-11
сыныптар

Жекеменшік мектептер

"Азия" жекеменшік арнайы комплекс-мектебі мекемесі

100

15925

20475

23780

"Абылай-Сана-2003" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Інжу" балабақша, мектеп-гимназия" кешені

700

15925

20475

0

"R-плюс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "А-status" мектеп гимназия-балабақша" кешені

215

15925

20475

0

"Cәби-Жан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

160

15925

0

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады